KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887963
2019 жылы:  21678
бүгiн:  1
қазiр:  53
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.10.2012

   2012 жылы 25 қазан, сағ.11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында филология ғылымдарының докторы, профессор Виктор Бадиковтың «По Гамбургскому счету», «Книга про себя и про всех. Творчество. Жизнь. Голоса друзей» кітаптарының және белгілі телережиссер, сценарист, продюсер Рита Жугунусованың «Виктор Бадиков. Я считаю себя человеком литературы» атты кино­фильмінің тұсаукесерлері өтті.

 

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, белгілі ақын, прозаик, журналист Римма Артемьева.

  

   Тұсаукесерді белгілі ақын прозаик, журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі Римма Артемьева жүргізді.

 

   Виктор Владимирович Бадиков (1939-2008жж.) - филология ғылымдарының докто­ры, профессор, Жазушылар одағының, ПЕН-клубтың мүшесі, Қазақстанның жетекші әдебиет­танушыларының, сыншыларының бірі, ұстаз, орыс әдебиеті оқулықтарының және моногра­фиялардың авторы.

 

   В.Бадиковтың қаламынан туған орыс әдебиетінің көркем сөз шеберлері Ю.Олеша, А.Плато­нов, М.Булгаков, Е.Замятин, Б.Пильняк, қазақтың ірі тұлғалары М.Әуезов, Ж.Айма­уытов, А.Нұрпейісов, Ә.Тарази, О.Сүлейменов, О.Бөкей, М.Симашко, Г.Бельгер және қазіргі әдебиет майталмандары Д.Исабеков, Р.Сейсенбаев, Б.Канапьянов, Д.Досжан, Б.Қайырбе­ков, Д.Нақыповтың шығармашылықтары туралы зерттеулері, талдаулары, эсселері мен монографиялары әдебиет саласында ерекше орын алады. Оның «Қазақ әдебие­тінің тарихы» атты іргелі еңбегінде орыстілді қазақ жазушыларының шығар­машылықтары жан-жақты зерттелген. Жазушының әдеби шығармашылығы, ғы­лыми, педагогикалық қызметі қазақстандық әдебиет пен әдебиеттануда қайталанбас із қалдырды. В.Бадиков 40 жылдан астам республикамыздың жетекші жоғары оқу орындарында - Абай атындағы Қазақ Ұлт­тық педагогикалық университетінде, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан университет­терінде қызмет еткен. В.Бадиковтың еңбектері еліміздің мәдени мұрасының бөленбес бір бөлігі болып табылады.

 

   «По Гамбургскому счету», «Книга про себя и про всех. Творчество. Жизнь. Голоса друзей» кітаптары В.Бадиковтың дүниеден өткеннен кейінгі шыққан басы­лымдары. Жинақтарда В.Бади­ковтың әңгімелері мен оның шығармашылығы туралы сын-мақалалар, естеліктер мен эсселер қамтылған. Жинақтарды құрастырған В.Бадикова мен белгілі жазушы, журналист А.Арцишев­ский.

 

   Кеш барысында Р.Жугунусованың «Виктор Бади­ков. Я считаю себя человеком лите­ратуры» атты кинофильмінің тұсауы кесілді. Рита Жугунусова белгілі қазақстандық телережиссер, сценарийлер мен 50-ге жуық теледидарлық фильмдерінің авторы және продюсері. Тұсаукесерде халықаралық байқаудың лауреаты Лидия Колесникова В.Бадиковтың сөзіне жазылған әндері мен романстарды  орындады.

  

   Іс-шарада Виктор Бадиковтың отбасы: Валентина Бадикова, Наталья Белова, Катерина Бадикова, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бас режиссері Р.Андриасян, белгілі жазушы, журналист А.Арцишевский, ақын, прозаик Д.Нақыпов, Қ.Қабдрахманов, Ү.Тәжікенова, М.Пак, Ю.Егоров, "Простор" журналының редакторы Н.Чернова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика­лық университетінің профессорлары, кафедра меңгерушілері С.Жунусова, Т.Тебегенов, М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институтының ғылыми қызметкерлері С.Ананьева, А.Хамраев, қа­зақстандық ПЕН-клуб мүшелері, әдебиеттанушылар мен кинорежис­серлер өз пікірлерін айтып, естеліктерімен бөлісті.

  

   Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына және қонақтарға жаңа басылымдар сыйға тартылды.

                                             

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование