KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887940
2019 жылы:  21655
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.10.2012

   Әлем әдебиеті бөлімінде «Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы: ынтымақтастығына – 20 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті күшейту үшін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің бастамасымен құрылған халықаралық ұйым. Бас кеңсесі  АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан.  Қазіргі таңда БҰҰ құрамына 193 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар Ұйымы» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945 жылғы 24 қазанда қабылданды, бұл күн  Біріккен Ұлттар Ұйымының күні деп жарияланды.

  Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды, ал 1992 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілдігі құрылды.

  Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған 168-ші мемлекет. Халықаралық деңгейде стратегиялық мүдделерімізді ілгерілетуге және Қазақстанның көптеген бағыттары бойынша дамуы мәселелерін шешуге БҰҰ әлеуетін тарту Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтасуының негізгі мақсаттары болып табылады. БҰҰ-мен ынтымақтастығында  Қазақстан бірқатар басымдық бағыттарға ерекше назар аударып отыр: халықаралық ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруларын таратпау; адам саудасымен күрес; қақтығыстар жағдайында бейбіт тұрғындарды, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғау.

  1992-1999 жж. БҰҰ-ғы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы тағайындалды. А.Х.Арыстанбекованың  дипломаттық дарыны, ұйымдастырушылық қабілеттері БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында егеменді Қазақстанның  Біріккен Ұлттар Ұйымына кірген күні (1992 ж. 2 наурыз) айқын көрінді. Бүкіл құжаттарды дайындау, ұйымдастыру жұмыстары  оның мойнына жүктелді.

   Қазақстан 2012 жылдың басында ЮНИСЕФ Атқарушы Кеңесі Бюросының құрамына бір жылдық мерзімге сайланды.

   Тарихта алғаш рет БҰҰ жүйесіндегі маңыздылығы бойынша екінші лауазымға - БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлығына  Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды, ол БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры және Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы болып табылады. Оның тағайындалуы қазақстандық өкілдің жоғары кәсіби, саяси деңгейін  және мемлекетіміз бен оның Басшысының мәртебесінің мойындалғанын айғақтайды.

  БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметі БҰҰ Даму Бағдарламасын (ПРООН), БҰҰ Балалар Қорын (ЮНИСЕФ), БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) ішкі аймақтық кеңсесін қамтитын Елдік команда түрінде жүзеге асырылып жатыр, сонымен бірге ЮНЕСКО, БҰҰ Жоғарғы Комиссарының Босқындар істері жөніндегі басқармасы, БҰҰ-Әйелдер істері жөніндегі басқармасы, БҰҰ АИТВ/ ЖИТС бойынша Біріккен Бағдарламасы (ЮНЭЙДС), БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы, ДСҰ, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, БҰҰ Еріктілері, Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) аймақтық өкілдіктері жұмыс істеп жатыр.

   Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрады: Біріккен Ұлттар Ұйымының жалпы құжаттары, Тәуелсіз Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ғы тұңғыш  тұрақты өкілі – Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова.

    Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование