KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887912
2019 жылы:  21627
бүгiн:  1
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.11.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде Қазақстанның халық жазушысы, кинодраматург Дмитрий Федорович Снегиннің 100 жылдық мерейтойына орай  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Дмитрий Федорович Поцелуев (Снегин) (7.11.1912-30.3.2001) 1912 жылы 7 қарашада Верный қаласында  дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1935 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының жеміс шаруашылығы мамандығын бітірген. 1934 жылы Д.Снегиннің алғашқы өлеңдер жинағы «Шығыстан соққан жел» деген атпен басылып шығады.

   1936 жылы күзде әскер қатарына шақырылып, бір жылдан кейін барлық   тиісті емтихандар тапсырып, офицер-артиллерист шенін алады. 

    1937-1941 жылдары ол «Литература и искусство Казахстана» журналының жауапты редакторының орынбасары болады. Осы жылдары Алматыда оның «Семиречье», «Мой город» атты поэтикалық жинақтары жарық көрді.

   1945-1952 жж. «Қазақстан» журналының бас редакторы, 1956-1960 жж. республикалық сатиралық «Ара» – «Шмель» журналының бас редакторының орынбасары, 1961-1963, 1967-1971 жылдары «Простор» журналының бас редакторы, 1971-1982 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін атқарды.

   Д.Снегин қазақ тақырыбына жазған алғашқы орыс ақындарының бірі. «В городе Верном» атты роман-трилогиясында (1-кітап 1956, 2-кітап 1959, 3-кітап 1970) Алматыда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы, «Утро и два шага в полдень» (1976) романында жеке ұмтылысының халық күресімен үндесуі, орыс-қазақ халықтарының достығы суреттелген. Қазақ тілінен орыс тіліне аударма жасауға көп көңіл бөлген: І.Жансүгіровтің «Кеңес» жинағынан бірнеше өлеңдер, сондай-ақ Қ.Аманжоловтың «Найзағай», Н.Баймұратовтың «Ер Төлеген», С.Мәуленовтің «Туған жер» поэмаларын және т.б шығармаларды аударған.

   Алғашқы эпикалық туындылары «На дальних подступах» (1948) и «В наступлении» (1953) Панфилов дивизиясының ерлігін асқан дәлдікпен жаңғыртып сипаттайды. Д.Снегиннің сценарийлері бойынша «Мы из Семиречья» (1959) көркем фильмі түсіріліп, бірқатар деректі фильмдер қойылды. 

   1998 жылы Д.Снегиннің «Шаңырақ», «Отмечая очередную дату Победы», «Памяти моей Зорьки» атты жаңа поэтикалы циклдік туындылары шығады. Соңғы жазған өлеңдері сүйікті жары Александра Яковлевнаға арналған.

   2001 жылы жаңа сападағы туындысы – «Магнитофон 000001... или Проказы Рустама» жарық көреді. Мазмұнының сонылығымен бұл шығармаға әдеби сыншылар  арасында авангардтық-экзистенциалистік туынды деген бағасын алған. Баяндаушы-әңгімеші Д.Снегин осы шытырман уақиғаның басты кейіпкері болып табылады.

    Соңғы жазған шығармасында «Открытый всем – Арысым еді-ау, Бауыржан» (қазақ тіліне аударған Әбілмәжін Жұмабаев) достығы қан майданда тоғысып, қилы замандарды бірге өткерген майдандасы Бауыржан Момышұлына арнап,  қазақ батырының өр мінезін жалпақ жұртқа паш етті. Д.Снегин өмірден қайтқаннан соң, өзі бастамашы болған  «...Полюбите моего Бауыржана» атты деректі фильмінің (режиссері Игорь Гонопольский) көрсетілімі болды. Ең жақын адамы ретінде Б.Момышұлы өзінің күнделігін Д.Снегинге табыстап кеткен екен... 

    Халық жазушысы Д.Снегин КСРО-ның 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы», ҚР-ның «Парасат» ордендерімен және т.б. медальдармен марапатталған. Президенттің бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері.

    Кітап көрмесіне Д.Ф. Снегиннің өмір жолы мен әдеби-көркем шығармалары: «Парламентер выходит из Рейхстага» (1982), «В городе Верном», «На дальних подступах» (1964, 1983), «Бұрынғы Алматыда»      (1, 2, 3-кітаптар, 1974), «Утро и два шага в полдень» (1982, 1983),  «В те дни и всегда»  (2005) және әр жылдары Қазақстан мерзімді басылымдарында жарияланған Д.Снегин туралы көптеген мақалалар, эсселер қойылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование