KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887896
2019 жылы:  21611
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.11.2012

   ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев­тың өмірі мен саяси қызметі, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі, Қазақстан қоғамын жаңарту мен қайта құрудағы зор еңбегі туралы ҚР Ұлттық кітапхана­сы қорындағы отандық және шетелдік басылымдармен кеңінен таныстыру.

   Көрме 6 бөлімнен тұрады. Көрмеге қазақ, орыс, шет тілдеріндегі 2000-нан астам басылым­дар қойылған. Онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмір жолы: жастық шағы, есейіп, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары бар.

  «Тәуелсіз Қазақстан» атты бірінші бөлім Қазақстанның егемендігіне арналған. Ұсынылған құжаттар тәуелсіз мемлекетіміздің қысқа мерзім ішінде жүріп өткен жолын, тарихи оқиғаларды суреттейді. Бөлім құжаттарының ішінде – энциклопедиялар, альбом­дар, кі­таптар берілген.

   Көрменің «Ой бөлістім халқыммен» екінші бөлімінде Елбасының еңбектері, кітапта­ры, баяндамалары мен сөздері, жолдаулары мен үндеулері, сұхбаттары мен мақалалары, құттықтаулары қамтылған. Олардың ішінде әр жылдары жарық көрген «Әділеттің ақ жолы», «Тәуелсіздігімізге бес жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Евразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл», «Қалың елім қазағым» және т.б. кітаптары қойылған.

  «Өмірі мен қызметі»  бөлімінде ҚР Тұңғыш Президентінің өмірбаяны, білім алған жылдары мен еңбек жолының басталуы, ҚР Президентін сайлау және ұлықтау, халықаралық наградалар мен құрметті атақтары туралы әдебиеттер берілген.

  «Мемлекет және Президент» бөлімінде Қазақстан Республикасындағы Президенттік билік пен мемлекеттік басқару, заңнамалық-құқықтық саясаты, ҚР Конституциясы туралы әдебиеттер ұсынылған.

  «Ішкі саясат» бөлімінде Елбасының әлеуметтік және экономикалық саясаты, елімізде қабылданған стратегиялық бағдарламалары және Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстан өңірлеріне жасаған жұмыс сапарлары, Астана қаласын дамыту туралы басылымдар, сондай-ақ елімізде тұратын ұлттар өкілдері мен этностық топтардың жарасымды достығы мен ынтымақтастығы жөнінде жүргізіп отырған ұлттық саясаты және Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы материалдармен танысуға болады.

  «Сыртқы саясат» бөлімінде таяу және алыс шет елдермен халықаралық қатынастар, халықаралық ұйымдарға: Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Еуроазиялық Одаққа қатысуы, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесін көруге шақырамыз!

                                 

                 

              

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование