KZ     RU     ENG
Жексебі, 06 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15067641
2019 жылы:  133176
бүгiн:  1
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.11.2012

   2012 жылы 14 қарашада сағ. 11.00-де Кітапханатану залында «Жалын» баспасынан «Жас толқын» сериясы аясында жарық көрген Қазақстанның жас ақындарының, журналист-публицистерінің жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.

   «Жалын» баспасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» мемлекет­тік бағдарламасы аясында «Жас толқын» сериясымен Қазақстанның дарынды жас ақындары мен журналист-публицистерінің 20-дан астам кітаптарын жарыққа шығарды. Бұл жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұра­ғат комитетінің бастамасы бойынша 2008 жылдан бері шығып келе жатқан «Жас толқын» сериясының жалғасы болып табылады.

   Жинақтарға  жас ақындар – Бақытгүл Баймолдақызы, Бауыржан Әліқожа, Алмат Исәділ, Мақпал Мыса, Үміт Зұлхарова, Мағиза Құнапияқызы, Ерғали Бақаш, Бақытжан Алдияр, Алтыншапақ Хаутай, Жанат Жаңқашұлы, Олжас Қасым, Мирас Асан, Ержан Жұмабек, Гүлжайна Қалдина, журналист-публицистер: Қанағат Әбілқайыр, Айнұр Шамшейтова, Мирас Мұқашев, Әлібек Байбол, Алмас Нүсіп, Әсем Қоспағаровалардың өлеңдері, прозалары енгізілген.

   Тұсаукесерді белгілі жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, «Жалын» баспасының ди­ректоры Бексұлтан Нұржекеұлы жүргізді.

    Іс-шарада Бексұлтан Нұржекеев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасының бірін­ші орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, танымал ақын Жайлыбай Ғалым, белгілі ғалым, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі Айгүл Смакова мен жетекші ғылыми қызметкері Гүлжахан Орда, ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлығының лауреаты Аманхан Әлім, ақын, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасының орынбасары Әшімжан Жанарбек, жас сыншы, «Ұлан» газетінің бөлім редакторы Бағашар Тұрсынбайұлы жас ақындар мен журналист-публицистердің кітаптарына талдау жасап, әдеби сын айтып, пікір  бөлісіп тілектерін білдірді. 

   Тұсаукесерге танымал ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласы­ның кітапханашылары мен БАҚ өкілдері қатысты.  

                           

                            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование