KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887972
2019 жылы:  21687
бүгiн:  1
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.11.2012

     2012 жылы 16 қарашада сағ.11.00-де Кітапханатану залында белгілі ғалым, қоғам қайраткері Сырым Бөкейхановтың «Дорогие мои алматинцы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

     Сырым Бөкейханов – Алаш қайраткері Ә.Бөкейхановтың немере інісі, алматылық жазушы, қоғам қайраткері, белгілі ғалым, өмірінің басым бөлігін Алматы қаласында өткізген. С.Бөкейханов – Ленинград құрылыс-инженерлік институтының түлегі. 1970 жылы Мәскеу инженерлік институтында кандидаттық диссертация қорғаған. КСРО Ғылым академиясының лазерлік жүйелер механикасы лабораториясының жетекшісі, кейін Алматы лазерлік технологиялар жөніндегі инженерлік орталығының жетекшісі болып жұмыс істеді. Алматы мен Мәскеу қалаларының ғылыми мекемелерінде, жоғары оқу орындарында қызмет атқарған.

    С.Бөкейханов қолданбалы механика саласындағы ғылыми мақалалардың ғана емес, сондай-ақ «Адмиралтейства виден шпиль», «Улицы нашего детства», «Оглядываясь на Фудзи», «Лабиринты души», сондай-ақ, көптеген Алматы туралы «Мен қаламды ешкімге айырбастамаймын», «Алматы менің қалам», «Имена наших улиц от А до Я», «Өткен күн мен бүгіннің арасы»  т.б. атты кітаптардың авторы.

   «Қымбатты менің алматылықтарым» («Дорогие мои алматинцы») кітабы трилогияның соңғы бөлімі болып табылады. Трилогияның бірінші кітабы «Менің қалам Алматы» (2009 ж.) Алматы (Верный) қаласының қалыптасу тарихына арналған, ал екінші «А-дан – Я-ға дейінгі біздің көше атаулары» (2010 ж.) кітабы Алматы қаласы көшелерінің тарихын қам­тиды.

    «Қымбатты менің алматылықтарым» кітабында автор өз өмір жолында тағдыр тоғыс­тырған замандастарының портреттерін береді. Кітапқа қаламгер өз күнде­ліктерін, мұрағат құжаттарын, мақалаларын, замандастарымен кездесулері мен сұхбат­тарын, естеліктерін арқау еткен. Автор замандастарының көпшілігі осы қалада тұрған және қазіргі уақытта да Алматы қаласының тұрғындары болып табылады. 

    Кітап қаһармандары – өмір жолы соғыс жылдарынан бүгінгі кезеңге дейін жалғасын тауып келе жатқан ұрпақ.

   Тұсаукесерді белгілі журналист, жазушы, Журналистер одағының, Жазушылар одағы­ның мүшесі, «Казахстанская правда» газетінің бөлім меңгерушісі Эдуард Жылқыбаев жүргізді.

   Іс-шараға Қазақстанның танымал азаматтары: Ш.Валиханов, Ғ.Шалахметов, М. Гиль­манов, Ю.Кердот, Е.Бейсекеев, Т.Ақбердин, С.Татамбаев, А.Цыпкин, М.Түсүпбеков, К.Алтынбеков, Т.Түрсүнбаев, М.Сабалақов, Ф. Макеев, Ю.Винокуров, А.Носков, М.Әйкенов, Ә.Тәжі­баевтың ұрпақтары: қызы Зифа Ә.Тәжібаева-Қаракұлова, немерелері, А.Марғуланның қызы Данель Алкейқызы, С.Қожамқұловтың қызы Мариям Сералықызы, т.б. қатысып, кітап туралы пікірлерін айтты. Келген қонақтар Алматы қаласының тарихын, көрнекті және танымал адамдарын еске алып, авторға алғысын білдірді.

   Автор ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласының кітапханаларына жаңа кітабын сыйға тартты.

                     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование