KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887958
2019 жылы:  21673
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.11.2012

    «Қазақстан кітаптары» бөлімінде жазушы, драматург, сатирик Садықбек Адамбековтің 90 жылдық мерейтойына орай,  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Садықбек Адамбеков (1922-2002 жж.) 1922 жылы 15 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Қараспан ауылында дүниеге келген.  Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. 1939 жылдан бастап ұстаздық және партиялық жұмыстармен, кейіннен тілшілік қызметпен айналысты.

    1945-1968 жж. «Оңтүстік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жұлдыз» және «Ара - Шмель» республикалық сатира журналдарында қызмет атқарды. 1968 жылдан бастап кәсіби жазушы болып,  шығармашылық жұмыспен айналысады.

    С. Адамбеков өзінің алғашқы қаламгерлік қызметін поэзиядан бастаған.  Оның «Өмір мейрамы» атты тұңғыш өлеңдер кітабы 1949 жылы жарық көрді. Кейіннен ол халық тұрмыс-салт әзілін  сипаттай отырып, сатира жанрындағы  «Қожанасыр қақпасы» (1959), «Көсенің көзі» (1961), «Аюбайдың  ажалы» (1981) және т.б. шығармаларын жазды. С.Адамбеков қазақ әдебиеті тарихындағы  тұңғыш роман-сатира «Атылған қыз туралы аңыз» (1969, 1980, 1988) шығармасының авторы болып саналады. Романның желісі Оңтүстік Қазақстан совхоздарының бірінде болған оқиғаны қамтиды. Қайырымды және адал адамдардың жолын кесетін алаяқтық және екіжүзділік қасиеттер жазушының сатирасында астарлы сынға ұшырап отырды.

   Жазушы драматургия жанрында да нәтижелі іс атқарды. «Біздің үйдің жұлдыздары», «Алтын ыдыстағы жылан», «Аюбайдың ажалы», «Төртінші ұрыс», «Генералдың ажалы» және тағы басқа шығармалар жазушы-драматург қаламына тиесілі. Республика театрларында жазушы шығармаларының желісі бойынша: «Күн мен көлеңке», «Біздің үйдің жұлдыздары», «Аюбайдың ажалы» атты пьесалар қойылған.

   Жекелеген шығармалары шетел тілдеріне аударылды. 1982 жылы С.Адамбековтың екі томдық шығармалары басылып шықты. 

    С.Адамбеков «Айрықша  еңбегі  үшін» медалімен  және Қазақ  КСР Жоғары Кеңесінің грамотасымен марапатталған.

   Кітап көрмесінде С. Адамбековтің  өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер және  жазушының еңбектері: «Көсенің көзі» (1961), «Атылған қыз туралы аңыз» (1980, 1988), «Қожанасыр қақпасы» (1982, 1989), т.б. және мерзімді басылымдарда әр жылдары жарияланған шығармалары қойылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование