KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887918
2019 жылы:  21633
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.11.2012

   2012 жылы 23 қарашада сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында Осетин көркем әдебиетінің негізін салушы Коста Леванович Хетагуровты еске алуға арналған тарихи-әдеби кеші өткізілді.            Іс-шара Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін атап өту аясында өткізілді.

  Іс-шараны құттықтау сөзбен ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасары А.Х. Юсупова ашты. Кешті «Ирныхас» Осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы Казбек Владимирович Мамсуров жүргізді. Ол оқырмандар мен қонақтарды Осетин ақыны К.Л.Хетагуровтың өмірі мен шығармашылығымен, кітап және сурет көрмесімен таныстырды.

  Сөз сөйлегендер ақынның шығармашылығы мен кештің маңыздылығы жайлы ой-пікірлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

   Іс-шараға Қазақстандағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы  И.В.Переверзева,  Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық мүшелері - А.К.Мұсағұлов, Ш.Е.Тажмұратов, «Ватандаш» қырым татарлары мәдени орталығының төрағасы С.У.Бабалиев, кітапхана оқырмандары және кітапханашылар  қатысты.

  Іс-шара соңында «Горец» ансамблінің қатысушыларымен шағын музыкалық концерт берілді және «Ирныхас» Осетин мәдени-ағарту орталығы мүшелерінің балаларымен ақын К.Л.Хетагуровтың өлеңдері оқылды.

                  

                

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование