KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887909
2019 жылы:  21624
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.11.2012

     «Қазақстан кітаптары» бөлімінде көрнекті ғалым-зоолог,  ҚазКСР  ҒА корреспондент-мүшесі, биология ғылымдарының докторы Аркадий Слудскийдің 100-жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     Аркадий Александрович Слудский (1912-1978 жж.) Терасполь қаласында (қазіргі Молдова Республикасында) дүниеге келген. Оның балалық, жастық шағы Сібірде өтті. Болашақ зоолог ғалымның алғашқы қабілеті осы өлкеде, аң терісі кәсібінің аймағында біліне бастаған. Он екі жасында Новосибирск қаласындағы Сібір аңшылық-кәсіптік станциясының қызметкері болып орналасады. 

    1930 жылы ол Иркутск аң терісі-шикізат институтына түсіп, соңғы курстарын Мәскеу облысындағы Балашиха қаласында оқиды.

    1935 жылы А.А. Слудский Бүкілодақтық зоотехникалық институттың аң терісі-шикізат кәсібі мамандығын тәмамдаған соң, Қазақстанға, Алматы қаласына жұмысқа келіп, тағдырын осы елмен байланыстырады.

   Ол 1936-1938 ж. аға аңшы кәсіпкері болып КСРО Сыртқы сауда халық комиссариатының "Қазақ аң терісін дайындау" бірлестігінде жұмыс істеді.

    1930-1960 ж. аңшылық ғылымның алға қойған мақсаты аң терісі кәсібінің шикізат қорын кеңейту әдістері мен жолдарын көктемгі-жазғы екінші дәрежедегі аң түрлерін қатыстыру және аңшылық-кәсіптік аңдардың (ондатр және т.б.) түрлерін жерсіндіру жолымен зерттеу болатын. А.Слудский ондатраны жерсіндіру бойынша көлемді жұмыстарды атқарды. 1938 жылы Қазақ аңшылық кәсіптік ғылыми-зерттеу станциясын құру жұмысын ұйымдастырады.

    1935-1939 ж. А.Слудский Балхаштың оң жақ жағалауын, Іле, Амудария өзендері мен Алакөл атыраптарын, сонымен қатар, Ақсу, Қаратал, Шу, Сырдария, Торғай және тағы да басқа өзен қоймаларын тексереді. Осы су қоймаларының барлығына А.Слудскийдің ұсынысы бойынша ондатр жіберіліп, нәтижесінде Қазақстан Кеңестер Одағының 1940-1960 жылдардағы аң терісін жеткізетін басты өндірушісі болды.

    1948 жылы ол ҚазКСР ҒА Зоология институтының сүтқоректі жануарлар зертханасының меңгеруші болып тағайындалып, сол қызметін отыз жыл көлемінде атқарды. 1958-1969 жылдары өз қызметін атқара жүріп, Бүкілодақтық Ғылыми-зерттеу институтының аң шикізаты және аң терісі бөліміне басшылық етеді. 1967-1971 жылдары  ҚазКСР ҒА Зоология институтының директоры  қызметін атқарды.

   А.Слудский өзінің алғашқы ғылыми жұмыстарын 1930 жылы арнайы аңшылық кітабында жариялады. Еңбектері 200-ден астам атауды қамтиды, соның ішінде 10-нан астамы монографиялар: «Волк и борьба с ним в Казахстане» (1937), «Суслик-песчаник» (1938), «Пушные звери Казахстана» (1939), «Ондатра и акклиматизация ее в Казахстане» (1948), «Сайгак в Казахстане» (1955), «Размножение джейрана» (1956), «Джуты в евразийских степях и пустынях» (1953, 1963),  «Сохранить для потомков» (1982) және т.б. 

   А.Слудский құстармен де әуестенген  және орнитология ғылымы бойынша бірнеше ғылыми мақалалар жариялаған. Оның көптеген еңбектерін отандық және шетелдік зоологтар жоғары бағалап, олар классикалық және аңшылық кәсіптік кітаптардың «алтын қорына» енгізген.

   А.Слудский әлемге әйгілі басылым «Млекопитающие Советского Союза» (1967, 1972) жинағына қатысуы арқылы елімізге және шет елдерге кеңінен танылды.

   Ондатраны жерсіндірудегі жетістіктері үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын (1951), ақ бөкеннің биологиялық негіздерін өңдеу және қорғау, оның санын қалпына келтіру және халық шарушылығында тиімді пайдалану үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын (1982 жылы, қайтыс болғаннан кейін) иемденді.  Мәскеу табиғатты сынаушылар қоғамы (1974,1988) және «Білім» қоғамы (1979) сыйлықтарының иегері.

   Кітап көрмесінде А.А.Слудскийдің өмірі мен ғылыми еңбектері: «Қазақстандағы ондатр және оны аулаудың әдістері» (1948), «Ондатра» (1948), «Пушные звери Казахстана» (1969), «Сохранить для потомков» (1982)  және әр жылдарда мерзімді басылымдарға шыққан мақалалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование