KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887941
2019 жылы:  21656
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.11.2012

    «Қазақстан кітаптары» бөлімінде ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Базарбай Оразбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

    Оразбаев Базарбай Мәмбетұлы (1912-1981 жж.) Оңтүстік Қазақстан облысының Қараүңгір ауылында дүниеге келді. Әке-шешесінен ерте айырылып, Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленеді. Онжылдықты үздік бітіргеннен кейін Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) А.Жданов атындағы университеттің физика-математика факультетін тәмамдады. Б.Мәмбетұлының ғылым жолына түсуі орыстың аса ірі математигі Н.Чеботаревтің жетекшілігімен аспирант болу кезеңінен басталады.

   Б.Оразбаевтың бүкіл саналы өмірі Қазақ мемлекеттік педагогика институтымен (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) тығыз байланысты.

    1935-1981 ж. осы оқу орнында «Алгебра және сандар теориясы» кафедрасының меңгерушісі қызметімен қатар, КСРО ҒА-ның қазақ бөлімшесінің Математика  және механика  секторында ғылыми педагогикалық басшылық ісін қоса атқарады. Ғалымның негізгі еңбектері алгебра және сандар теориясына арналған. Б.Оразбаев алгебра ғылымы үшін маңызы бар абельдік өрістегі сандарды орналастыру заңдылықтарын зерттеді. Заманымыздың ірі алгебраистері Б.Н.Делоне мен Д.К.Фадеев бастаған Галуа теориясы мен аналитикалық сандар теориясына байланысты математиканың күрделі есептерін шешу жолында Оразбаев өзін ірі математик ғалым ретінде танытып, үлкен жаңалықтарға қол жеткізді.

   1964 жылы алгебра және сандық теория мамандығы бойынша «Абсолют абельдік өрістердің таралулары» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, физика-математика   ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін, профессор ғылыми атағын алған. 1967 жылдан Қазақстанның Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

   1969 жылы Б.Оразбаевтың ұйымдастыруымен Алматыда «Алгебра және сандар теориясы» бойынша бүкілодақтық симпозиум өтті. Онда КСРО-ның аса ірі математиктері қатысып, Оразбаевтың және оның шәкірттерінің ғылыми еңбектерінің жоғары деңгейін атап өтті.

     Б.Оразбаев 100-ден астам ғылыми еңбектің, жоғары оқу орындарына арналған қазақ тіліндегі бірнеше оқулықтың авторы.

    Б.Оразбаев оқу-ағарту саласындағы жетістіктері үшін «ҚазКСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері», «ҚСРО-ның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері» атақтарына ие болды,  екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.

   Кітап көрмесінде Б.Оразбаевтың өмір жолы мен ғылыми еңбектері: «Орыс халқының ұлы математигі Николай Иванович Лобачевский» (1948), «Орыс халқының ұлы математигі Пафнутий Львович Чебышев» (1950), «Сандар теориясы» (1970) және әр жылдары қазақстандық мерзімді басылымдарда жарияланған ғалымның көптеген мақалалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование