KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887945
2019 жылы:  21660
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.11.2012

     2012 жылы 27 қараша, сағ.11.00-де Кітапханатану залында белгілі ақын, жазушы, публицист, «Парасат» орденінің иегері, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, «Простор» көркем-әдеби журналының бас редакторы Валерий Михайлов­тың «Мектеп» баспасынан жарық көрген  «Ғаламат жұт шежіресі» атты кітабының тұсаукесері өтті (Орыс тілінен  аударған аудармашы Ғұсман Жандыбаев).

    Тұсаукесерді белгілі ғалым, тарих ғылымдары­ның докторы, профессор Мәмбет Құл­жабайұлы Қойгелді жүргізді.

    Іс-шарада кітаптың авторы Валерий Михайлов, жаңа басылымды қазақшаға аударған ақын Ғұсман Жандыбаев, «Мектеп» баспасының бас директоры Ерлан Сатыбалдиев, жазушы, қоғам қайраткері Елубай Смағұл, ақын, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Есдәулет Ұлықбек, филология ғылымдарының докторы, профессор Ольга Абишева, филология ғылымдарының кандидаты Петр Поминов, М.Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтының ғылыми қызметкерлері Амантай Ахетов пен Светлана Ананьева, белгілі саясаткер Айдос Сарым т.б. сол 1932-33 нәубет жылдарындағы халқымыздың тарихындағы қаралы кезең – Ұлы жұт, ашаршылық және қуғын-сүргін оқиғасының 80-жылдығы туралы, адам айтқысыз ауыр трагедия туралы тарихи деректерді айтып, кітап туралы пікірлерімен бөлісті. Кітап 10 мың данамен жарыққа шықты. Бұл жоба меценат Шыңғыс Құлжановтың демеушілігімен іске асырылды.

    В. Михайловтың жаңа басылымдарында алғаш рет қазақтың «Ұлы» трагедиясы – 30-жылдар­дың бас кезіндегі ашаршылық, оның себептері зерттеліп, көптеген адамның өмірін қиған бұл жантүршігерлік науқанды орындаушылардың есімдері аталған. Алпыс жылдан астам уақыт бойы жабық болған бұл тақырыпқа алғаш рет қалам тартқан қазақстандық жазушы В.Михайловтың 1992 жылы қазақ тілінде «Ұлы жұттың жазбалары» деген кітабы жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып, 2008 жылы орыс тілінде «Великий джут» атымен қайтадан шығарылды. «Ғаламат жұт шежіресі» автордың осы соңғы еңбегінің негізінде ықшамдалып аударылған нұсқасы (аудармашы –  Ғұсман Жандыбаев).

   Өткен тарихына жайбарақат қарай алмайтын әрбір қазақ баласы үшін әлемнің көптеген тілдеріне аударылған бұл туындының айтары мол. 

    Іс шараның аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Валерий Михайловтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, баспагерлер, қоғам қайраткерлері, әде­биет­танушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітап­ханашылары,  оқырмандар, БАҚ өкілдері.

              

               

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование