KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887889
2019 жылы:  21604
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.11.2012

    Өнер бөлімінде «Қазақ халқының сал серілері» атты кітап көрме­сі ұйымдастырылды.

    Сал-сері — дәстүрлі қазақ қоғамында ерекше өнерпаздықпен байланысты ұғым.        Ұлттық поэзия тарихында ақындық-әншілік, композиторлық–орындаушылық өнерді аса сәтті тоғыстырған әнші ақындардың, сал-серілердің өрелі өнерпаздық табиғаты айырықша мәнділігімен ерекшеленеді. Сал-серілік өнерді жоғары дәрежеге көтерген әнші, күйші, суырып салма ақындар серілік үрдісті қатаң сақтап, нағыз бесаспап өнер иесі бола білген. Олардың шығармашылығы ғұламалық, қоғамдық-саяси және мәдени жағдайларға байланысты қалыптасып, айқындалған. Бұл орайда халықтың ортасынан суырылып шыққан осындай біртұтас киелі өнердің көрнекті қайраткерлерін - Біржан сал, Ақан сері, Абай, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мәди, Үкілі Ыбырай, Құлтума, Сары, Майра, Естай, Нартай, Кенен және т.б. атап өтуге болады. Осы сал-серілер туралы ой өрбіткен М.Әуезовтің, А.Жұбановтың, Ә.Марғұланның, Е.Ысмайыловтың және басқа да зерттеушілердің сүбелі зерттеулері тарихи-әдеби деректерімен, мағыналы толғамдарымен құнды.

   Кітап көрмесінде қазақтың сал-серілерінің  өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтер және  олардың  еңбектері, соның ішінде: С.Негимовтың «Қазақтың сал серілері» (2005), А.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» (2001), З.Қоспақовтың «Қазақтың әншілік өнері» (1999), Ақан серінің «Маңмаңгер», Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» (1985), «Балуан Шолақ» (1998), Ә. Бектасовтың «Мәди» (1969),  М.Құрманғалиеваның «Мұхит» (2003), Ы.Сандыбайдың «Әндер», «Қазақ өнері» энциклопедиясы (2002),  «Қазақ музыкасының қысқаша тарихы» (2002) кітаптары және т.б. басылымдар, ноталар мен күйтабақтар, музыкалық дискілер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование