KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887949
2019 жылы:  21664
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.11.2012

     2012 жылы 29 қарашада сағ.11.00-де Кітапханатану залында белгілі жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтің 70 жылдығына орай «Атамұра» баспасынан шыққан 7 томдық шығармалар жинағының  тұсаукесері өтті.

      Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапхананың Бас директоры Балабекова Гулиса Қабарқызы құттықтау сөзбен ашып, жазушы Дулат Исабековті 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

      Іс-шараны белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, «Мәдениет қайраткері», «Жас қазақ үні» газетінің бас директоры Қазыбек Иса жүргізді.

   Тұсаукесерде «Атамұра» ЖШС-нің Президенті Р.Құл-Мұхаммед, белгілі жазушылар: Қ. Құрманғалиев, Қ.Сегізбай,Ү.Тәжікенова, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты­ның ғылыми қызметкері А.Қалиева, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Л.Шашкова және т.б. Д.Исабековтың шығармашылығына талдау жасап, 7 томдық жинақ туралы пікірлер айтып, 70 жылдық мерейтойына орай  ыстық лебіздерін білдірді.

      7 томдық жаңа шығармалар жинағында Д.Исабековтің бұдан бұрын «Өлке» бас­пасынан жарық көрген 5 томдық кітабына енген повесть, әңгімелері және соңғы кезде жазылған жаңа пьесалары қамтылған. Сонымен бірге жазушының бұрын жарияланбаған аудармалары – Ф.Достоевскийдің «Ақ түндер» романы мен А.П. Чеховтың әңгімелері енгізілді.

    Іс шараның аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Д.Исабековтың шығармашы­лы­ғына арналған «Драматургия тарланы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, әде­биеттанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, оқырмандар, БАҚ өкілдері.

                 

                

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование