KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15063944
2019 жылы:  129479
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.11.2012

    2012 жылы 26 қараша сағ. 16.00-де  ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында Алматы қаласы Әділет департаменті Қазақстан Республикасы  Ұлттық кітапханасымен  бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

    Конференцияның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуында, әлеуметтік-экономикалық тұрмысын жетілдіру жолында Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің тарихи маңызын, зайырлы қоғам құрылуына, оны жетілдіруге қосқан үлесін кеңінен ашып көрсетіп, халық арасында насихаттау.

    Конференция өз жұмысын қатысушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті  Күні»  кітап көрмесімен таныстырудан бастады. Көрме елдің бірлігі мен дамуын, оның халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз ететін жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған.  Кітап көрмесі 2000-нан астам қазақша, орысша, ағылшын тілдеріндегі басылымдарды қамтитын алты бөлімнен тұрады.

    Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директорыныі бірінші орынбасары Б.Қ.Оспанова  және іс-шара модераторы, Әділет департаменті бастығының орынбасары З.М.Сатхожина құттықтау сөздермен ашты.

    Конференцияда ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы - Ментебаева Айман Ертайқызы, Алматы қаласы Нотариалдық палатасы басқарма  төрайымы - Қалабаева Карагөз, Алматы қаласы Сот-сараптамасы институтының директоры  - Умербаева Зауреш  баяндамалар жасады.

   Ұйымдастырылған шараға Алматы қаласы Әділет департаментінің,  Қазақстан халқы Ассамблеясының, Алматы қалалық Мәслихатының, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің, Алматы қаласы Нотариалдық палатасы басқармасының, Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының, қалалық Сот актілерін орындау департаментінің, Сот-сараптама институтының  өкілдері қатысып, жеке ой-пікірлерін, тілектерін білдірді.

   Ұйымдастырылған іс-шара БАҚ – «STAN» бейне-порталымен, Қазақпарат сайтында, «Заң», «Юридическая газета» басылымдарында жарияланатынын мәлімдейміз.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование