KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065034
2019 жылы:  130569
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.11.2012

    30 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасы Достық үйінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Көшпенділердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты өткізген «Тарихи-мәдени мұра және заманауи мәдениет» халықаралық ғылыми-практикалық семинар аясында «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген басылымдар» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

    Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан  Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының аясында шығарылған 500-ге жуық басылымдар ұсынылды. Көрмеде «Бабалар сөзі» халық поэзиялық өнері жинағы, «Әлемдік әдебиет кітапханалары», «Әлемдік философиялық мұра», «Мәдениет тарихы ескерткіштерінің жинағы», «Әлемдік мәдениеттану ой-пікір антологиясы», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» және т.б. басылымдар ерекше орын алды.

    Көрмемен конференция қатысушылары: Қазақстанның, Ресей Федерациясының (Мәскеу, Новоси­бирск, Омбы, Тюмень, Саранск), Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстанның белгілі ғалымдары, Астана және Алматы жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарының ғалымдары танысты.

             

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование