KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887965
2019 жылы:  21680
бүгiн:  1
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.12.2012

     ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде қазақтың халық батыры Бұқарбай Естекбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Ұрпаққа үлгі тұтар арыс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан  алынған «Ұрпаққа үлгі тұтар арыс» атты кең ауқымды көрме «Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы», «Бұқарбай батыр Естек­байұлы», «Сыр өңірі» атты үш бөлімнен тұрады.

   Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Сондай қазақтың  біртуар батыры – Бұқарбай батыр.

   Бұқарбай Естекбайұлы (1822-1898 жж.) Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты елді мекенде дүниеге келген. XIX ғасырдың орта шенінде қазақ даласын дүр сілкіндіріп, елдің тәуелсіздігі, жердің азаттығы үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Осы Кенесары көтерілісіне алғашқылардың бірі болып қатысқан Бұқарбай батыр көрнекті батырлардың қатарынан орын алады. 1838 жылы Ақмола бекінісін алуға қатысып, 1850 жылдары Қазалы, Арал, Қосқорған бекіністеріне шабуыл жасап, қоқандықтармен күресте жеңіске жетті, елдің намысын қорғап Бұқарбай батыр атанды. Бұқарбай батыр осы шайқастардың бірінде ауыр жараланып, еліне қайтқан соң бейбіт еңбекпен айналысқан. Егін егіп, 1854 жылы Сырдария сағасынан күні бүгінге дейін ұрпақтары пайдаланатын «Бұқарбай арығын» (ұзындығы 25-30 км) қаздырған. Талайды көріп, ұзақ өмір сүрген батыр туған жерінде 1898 жылы дүние салды.

  Бұқарбай батырдың бейнесі Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Жанқожа туралы жырлар­да, батырдың ерліктері ақын-жыраулардың мұрала­рында, тарихшы Е.Бекмахановтың зерт­теулерінде, жазушы І.Есенберлиннің «ҚаҺар» романында, зерт­теуші Қ.Бердәуле­товтың «Бұқарбай батыр» кітабында көрініс тапқан. 

   Кітап көрмесін көруге келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование