KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887962
2019 жылы:  21677
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.12.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Бекежан Сүлейменовтің 100-жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     ­­ Сүлейменов Бекежан Сүлейменұлы (1912-1984 жж.) Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген. 1938 жылы Карл Либкнехт атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.

    Б.Сүлейменов өзінің еңбек жолын 1938 жылы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) тарих кафедрасында аға оқытушы қызметінен бастаған. 1942-1943ж. – Алматы педагогикалық шет тілдер мұғалімдер институтын (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) басқарады. 1943-1946 ж. - КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің Тіл, әдебиет және тарих институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. 1946-1952 жылдары Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

   Ғалым зерттеулерінде тарих және Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың мәселелерін көтерген. Ермұхан Бекмахановтың негізсіз айыпталуына қарсылық танытып, оның Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы ғылыми тұжырымын қолдаған.

  1952 жылы Бекежан Сүлейменовтің өзі де кеңестік тоталитарлық жүйе тарапынан қысымшылыққа ұшырайды. Оның еңбектеріне «реакциялық пиғылдағы бай феодалдарды, хандар мен сұлтандарды дәріптеді, ұлттшылдық идеяларды насихаттады» деген айыптар тағылып, сот шешімімен 25 жылға сотталған. 1954 жылы ақталып шығады. 

   1954-1957 ж. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтында ғылыми қызметкері, 1957-1984 ж. осы институттың революцияға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгеруші қызметтерін атқарған.

   Б.Сүлейменов 1916 жылғы көтеріліс және Қазақстандағы қоғамдық ой-пікір мен ағартушылық тарихы туралы «Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс», «Қазақстандағы 1905-1907 жылдардағы революция», «Қарағанды көмір бассейнінің тарихы», «Қазақ батырлары», «Аграрный вопрос в Казахстане в последней трети XIX и начале XX в.» (Москва), «Реформы 1867-1868 гг.  в Казахстане», «Казахстан в составе России в XVIII - начало XX века» атты ғылыми еңбектер жариялаған. Ғалымның жетекшілігімен 20-дан астам кандидаттық диссертация қорғалған.

  Бекежан Сүлейменов Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына зерттеулер жүргізіп, 3-томдық жинағын құрастыруға жетекшілік еткен. 5-томдық «Қазақ КСР тарихы: ежелгі дәуірден бүгін күнге дейін» еңбегін даярлауға қатысқан.

   1980 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығы берілген.

  Кітап көрмесінде Б.Сүлейменовтің өмір жолы мен ғылыми еңбектері: «Восстание 1916 года в Казахстане» (1977), «Революционное движение в Казахстане в 1905-1907 годах» (1977), «Казахстан в составе России» (1981), «Великое братство.  К 250-летию присоединения Казахстана к России» (1981) және әр жылдарда мерзімді басылымдарға шыққан мақалалары ұсынылған.

   Көрмемен танысуға шақырамыз! 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование