KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065092
2019 жылы:  130627
бүгiн:  1
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.12.2012

   ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жасай бер, тәуелсіз Қазақстан» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырыл­ды.

    Көрмеге Ұлттық кітапхана қорынан қазақ, орыс және шет тілдердегі 1500-ден астам басылым қойылып отыр.

   Көрме «Нұрсұлтан Назарбаев –  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президен­ті», «Астана – Отанымыздың жүрегі», «Менің Қазақстаным» атты  кең ауқымды 3 бөлімнен тұрады.

   «Нұрсұлтан Назарбаев –  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты бөлімде  Елбасының кітаптары, баяндамалары мен сөздері, жолдаулары мен үндеулері, сұхбаттары мен мақалалары, құттықтаулары бар. Олардың ішінде әр жылдары жарық көрген «Әділеттің ақ жолы», «Тәуелсіздігімізге бес жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл» және т.б. кітаптары қойылған.

   «Астана – Отанымыздың жүрегі» бөлімінде жаңа астанамыздың өткені, бүгіні мен болашағы, тәуелсіздіктің символы ретінде дамып, өркендеуі туралы әдебиеттер ұсынылған.

   «Менің Қазақстаным» бөлімі егемен Қазақстанға арналған. Ұсынылған құжаттар тәуелсіз мемлекетіміздің қысқа мерзім ішінде жүріп өткен жолын, тарихи оқиғаларды  суреттейді. Бөлім құжаттарының ішінде  – энциклопедиялар, альбомдар, кітаптар бар.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование