KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887928
2019 жылы:  21643
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.12.2012

    2012 жылы 12 желтоқсан сағ.10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитеті, Қазақ­стан баспагерлер мен кітаптаратушылар қауымдастығы, ҚР Ұлттық Кітап палатасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы­ның Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздік жылнамасында кітаптың рөлі» атты кітап көрмесі салтанатты түрде ашылды.

   Көрмеге 2012 жылы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыспен шыққан қазақстандық кітаптар мен Алматы қаласы­ның жетекші баспаларының кітаптары қойылды.

   Көрменің негізгі мақсаты  – «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыспен шыққан  кітаптар туралы кеңінен ақпарат беру және авторлар, оқырмандар мен баспагерлер арасында тығыз қарым-қатынас орнату.

  Көрме аясында белгілі ақын-жазушылар Түменбай Қуандық, Амантай Ахетов, Маралтай Райымбекүлы, Алмат Исаділ және т.б. кездесу, сонымен қатар Алматы облы­сы Іле ауданы М.Мақатаев атындағы №13 орта мектептің, Алматы қаласының №161, №159, №13, №16, №12 мектеп-гимназия оқу­шыларымен аталмыш ақын-жазушылардың шығармаларынан оқу өткізді.

   Іс шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Қуат Борашев, Ақпарат және мұрағат комитетінің баспа бағ­дарла­малары басқармасының бастығы Нұрасыл Тоғызбаев, Қазақстан жазушылар Одағының мүшелері, Қазақстанның жетекші баспалары: «Алматыкітап», «Қазығұрт», «Санат», «Қазақ энциклопедиясы», «Раритет», «Мектеп», «Атамұра», «Өнер», «Шың- кітап», «Баянжүрек» «Экономика», «Қайнар» және С.Бегалин атындағы балалар кітапханасы, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері мен оқушылары қатысты.

  ҚР Ұлттық кітап палатасы Алматы қаласының кітапханалары мен мектептерге, шараға белсенді қатысқан мектеп-гимназиясының оқушыларына кітаптарды сыйға тартты. 

   Баспалар кітап сатуды ұйымдастырды.

   Кітап көрмесін көруге шақырамыз!

               

            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование