KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887974
2019 жылы:  21689
бүгiн:  1
қазiр:  59
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.12.2012

    2012 жылы 13 желтоқсан сағ. 10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қазақ көтерілістері: әлеуметтік себептері және саяси сабақтары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

   Іс-шараны экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының Президенті Рахман Алшанов жүргізіп, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, Қазақстан Жазу­шылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, жазушы Смағул Елубай, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжехан Матыжанов, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қамбар Атабаев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері: Нұржан Жетпісбай, Рашид Оразов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, өлкетанушы-ғалым Сағатбек Медеубекұлы, ақын, «Жұлдыз» журналының бөлім бастығы Жұмабай Құлиев, «Қазақ хандығы» қоғамдық қорының төрағасы Боранбай Жарылқасын, тарих ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Нәсенов, жазушы Ахметжан Аширов, желтоқсан құрбандары Гүлбаһрам Жүніс, Жансая Сабитовалар сөз сөйлеп, баяндамалар жасады.

   Конференцияда қазақ елінің Тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне 21 жыл толуына байла­нысты тарихы­мыздың ақтаңдақ тұстары ашылып, ұлттық құндылықтарымыз қайта жандана бастағаны туралы сөз қозғалды. Тарих тамырына бойласақ тәуелсіздікке жету жолында 300-ден астам қазақ көтерілістері болған екен. Өткенімізді түгендемей болашаққа бағдар жасай алмаймыз. Бүгінгі азаттықтың ақ таңына жеткендегі жолымыздың айшығын айқындап, жоғымызды түгендеп, барымызды тағы бір мәрте саралауды көздеген конференцияда осы қазақ көтерілістерінің рөлі мен маңызына баға берілді,  тарихы ғана айтылып қоймай, саяси астарын анықтап, ашығымен айтылды.

   Шара барысында қазақ көтерілістері жайында жарыққа  шыққан  басылымдардан «Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтерілістер» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының, Қазақстан Жазушылар Одағының, қоғамдық-саяси ұйымдардың өкілдері, белгілі тарих­шылар, жас ғалымдар, кітапхана қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

               

              

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование