KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887885
2019 жылы:  21600
бүгiн:  1
қазiр:  4
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.12.2012

    2012 жылы 12 желтоқсан сағ.11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Респуб­ликасы­ның Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздік жылнамасында кітаптың рөлі» атты кітап көрмесі аясында ҚР Ұлттық Мемлекеттік Кітап палатасы ұйымдастыр­ған «Мәдени дәстүр мен инновация кеңістігіндегі баспа ісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстелді ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры, Қазақстан баспагерлері мен кітаптаратушылар қауымдастығының президенті Жанат Сейдуманов   алғысөзбен ашып, жүргізді. Дөңгелек үстел барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің баспа бағ­дарла­малары басқармасының бастығы Нұрасыл Тоғызбаев, ҚР Ұлттық Мемлекеттік Кітап палатасының Бас директоры Жанат Сейдуманов және Қазақ­стан баспагерлер мен кітаптаратушылар қауымдастығының мүшелері, баспагерлер және кітаптаратушы мекемелердің өкілдері баспа ісі үшін қажетті ұлттық стандарттар қарастыру жұмыстары туралы, кітап нарығын дамыту және оны қолдау, «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптардың лимитін өсіру туралы, оқу мен жалпы мәдени білімнің төмен деңгейін көтеру сияқты өзекті мәселелер қозғады.

   Дөңгелек үстелде ҚР Ұлттық Мемлекеттік Кітап палатасының қабылдау және бақылау бөлімінің меңгерушісі  М.Балапанова «Басылым. Шығу мәліметтері 7.4-1995 ГОСТ бойынша кітап басылымдарының шығу мәліметін рәсімдеу», «РМК КАЗИнСТ» Оңтүстік бөлімше ди­ректоры Н.Саймасаев «Баспа өнімдерінің сапасын арттырудағы АКБСЖ (СИБИД) стан­дарттарының рөлі», ҚР Кітап палатасының ғылыми хатшысы Б. Дербісалина мен анықтама-барлау бөлімінің меңгерушісі К.Әміровалар «Баспа ісіндегі АКБСЖ Ұлттық стандарттарының жобалары», «Библио­графиялық жазба, орыс және қазақ тілдеріндегі сөздердің қысқартылуы», 7.86-2004 ГОСТ бойынша «Басылым. Баспа аннотациясының жалпы талаптары» тақырыптары бойынша баяндамалар жасады.

   Дөңгелек үстелге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, баспагерлер мен кітап шығарушы мекемелер, Алматы қаласының кітапханалары қатысты. 

               

                                                 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование