KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887959
2019 жылы:  21674
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.12.2012

    2012 жылы 14 желтоқсан сағ. 14.00 ҚР Ұлттық кітапхананың Көрмелер залында мемлекет қайраткері, Алашорда­ның Батыс бөлімшесінің төрағасы, кәсіби заңгер, аудармашы Жанша (Жаһанша) Досмұхамедовтың туғанына 125 жыл толуына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

   Ұйымдастырушылар: Алматы қ. әкімдігі, ҚР Ұлттық кітапханасы, Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» Қоғамдық қоры, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университеті.

    Іс-шараны Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбжанов Хангелді Махмұтұлы жүргізді.

   Конференцияда академик, белгілі ғалым Сартаев Сұлтан Сартайұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универ­ситетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, Ж.Досмұхамедов мұрасын зерттеуші Забих Шолпан Арап­байқызы, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директорының орынбасары Смағұлова Светлана Одепқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Центр-Азии» журналының бас редакторы, ҚР Тұңғыш Президенті қорының саяси және әлем экономика институтының директоры (Х.Досмухамедованың жиені) Әкімбек Сұлтан Мағрұпұлы, ҚР Саяси құғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы, «Абай» Халықаралық қорының директоры Ашуев Жұмабек Ж.Досмухамедов атындағы «Қай­рат­кер» қоғамдық қорының жетекшісі Мәмбетов Бахтығали Есімхайырұлы сөз сөйлеп, Ж.Досмұхамедовтың ғылыми, саяси және қоғамдық өмірі туралы кеңінен баяндады.

    Іс-шара барысында «Азаттық құрбаны» атты Ж.Досмұхамедов туралы деректі кинофильм  көрсетілді.

   Конференция аясында Ұлттық кітапхана қорынан, тарихи тұлғаның өмірі мен қызметі­не арналған «Алаштың ардақты қайраткері» атты безендірілген кітап көрмесі ұйым­дастырылды. Көрмеде Ж.Досмұхамедовтың әр жылдары жарық көрген сирек басы­лым­дары, алаш қозғалысы, оның қайраткерлері туралы әдебиеттер мен мұрағат қорынан алынған материалдар ұсынылған.

  Конференцияға белгілі қоғам қайраткерлері, әдеби-шығармашылық  ұйымдар, Алматы қаласының кітапханашылары, оқырмандар, ҚР Ішкі істер министрлігі академиясының және Алматы қ. жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

        

         

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование