KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887952
2019 жылы:  21667
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.12.2012

   2012 жылы 21 желтоқсанда сағ. 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер залында белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі, этнограф-ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің туғанына 70 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.

    Кешті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғы­лымдарының докторы Уәлихан Қалижан жүргізді.

    Іс шараға белгілі жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сый­лығының иегері Дулат Исабеков,  ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев, жазушының әдеби әріптестері, замандастары Қуанышбай Құрманғалиев, Құандық Сегізбай, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының фольклор және қолжазба бөлімінің меңгерушісі, әдебиет тарихын зерттеуші, филология ғылым­дарының кандидаты Тоқтар Әлібеков, аталмыш институтының фольклортанушысы, мәтінтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Қарашаш Алпысбаева, жазушының шығармашылығына талдау жасап, естеліктерімен бө­лісті.

   Кеш аясында Ұлттық кітапхана қорынан А.Сейдімбектің өмірі мен қызметіне арналған «Арқаның сал-серісі» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеге жазушының әр жылдары жарық көрген мақалалары, кітаптары, ол туралы басы­лым­дар ұсынылған.

    Кешке белгілі ақын-жазушылар, әде­биеттанушы­лар, жоға­ры оқу орын­дарының студент­тері, Алматы қаласының кітап­ханашы­лары,  оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты.

                         

                                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование