KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887913
2019 жылы:  21628
бүгiн:  1
қазiр:  31
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.12.2012

      12 жылы 21 желтоқсан сағ.15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер залында белгілі театр қайраткері, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Камал Қармысовтың 100 жылды­ғына орай еске алу кеші өтті.

      Кеш Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында ұйымдастыры­лды.

    Камал Қармысов 1912 жылы Алматы облысының, Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1929 ж. Ташкенттегі Орта Азия университетінің экономика факультетіне түседі. 1930 ж. Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Кармысовтың өнерге деген бейімділігін байқап, Риддердегі Жұмысшы жастар театрын ұйымдастыруға жібереді. 1931 ж. Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданып, сахналық жолын сол жылы Т.Жароковтың «Қанды таяқ» спектаклінде Ұрының рөлін ойнаудан бастады. К.Қармысов рөлдің кескін-келбетін, қимыл-қозғалысын дәл тауып, кейіпкерінің ішкі жан-дүниесімен шебер шендестіре білген, сатиралық рөлдердің шебері болған. Сомдаған негізгі кейіпкерлері: Нұрқан (М.Әуезовтің «Түнгі сарын»), Керім (М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Абай»), «Қозы, Жантық, Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мен «Ақан сері – Ақтоқты»), Уәли Хасан (Қ.Мұхамеджановтың «Жат елде»), Бөпіш (С.Жүнісовтің «Ажар мен ажал») және т.б.  Осы соңғы екі рөлі үшін 1980 жылы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

    1945 жылдан бастап киноға түсе бастаған: «Абай әні», «Махаббат дастаны», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер» және т.б. КСРО-ның «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту және Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.

   Кеш аясында Камал Қармысовтың өмірі мен шығармашы­лығына арналған «Тарлан талант» атты көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Іс-шараны белгілі театр сыншысы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Әшірбек Сығай жүргізді.

   Кеш барысында Камал Қармысовтың қыздары қыздары Мари Камалқызы, Ақбопе Камалқызы, филология ғылымдарының докторы Көбей Шахметұлы Хұсайын өз естеліктерімен бөлісті.

   Кешке Камал Қармысовтың немерелері, кітапхана қызметкерлері және оқырмандар қатысты.

                     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование