KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887942
2019 жылы:  21657
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.12.2012

    ҚР Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті бөлімінде Кеңес Одағының Батыры, әскери қайраткер, гвардия генерал-майоры И.В. Панфиловтың туғанына 120 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Панфилов Иван Васильевич (1892-1941)  — әскери қайраткер, генерал-майор, Кеңес Одағының Батыры.  Иван Васильевич 1892 жылы 20 желтоқсанда (1893 жылы 1 қаңтарда) Саратов облысы Петровск қаласында туылды. Қарапайым кеңсе қызметкері отбасында өскен. Анасының ерте дүние салуына  байланысты Петровск қаласындағы төрт кластық қалалық училищені  аяқтай алмай, 1905 жылдан дүкенде жалданып жұмыс істейді. 1915 жылы орыс императорлық әскеріне шақырылып, 168-ші запастағы батальонда қызмет етті. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1917 жылдан бастап рота командирі болған.

    1918-1921 жылдары  қазан айында Қызыл Армия қатарына өз еркімен алынады,  азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды.  Өз еркімен Түркістан соғысына қатысып, 1924 жылдың сәуір айынан бастап ротаны,  қазан айынан бастап полкті басқарды. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді. 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті. Генерал - майор И.В.Панфилов  1941 жылдың 19 қарашасында Волоколамск қаласының Гусенево селосында   ауыр жарақат алып қайтыс болды.

    Кеңес Одағының  Батыры И.В.Панфилов Ленин, үш мәрте Қызыл Ту ордендерімен, «Жұмысшы-шаруа Қызыл әскеріне 20 жыл» медалімен   марапатталған.  Алматы облысының бір ауданы, Алматы қаласындағы көше И.В.Панфилов есімімен аталады.

    Көрмеге кітапхана қорынан И.В.Панфиловтың өмірі мен әскери қызметі туралы кітаптар: Б.Момышұлының «Генерал Панфилов», «Біздің Генерал», Ф.Селивановтың «Панфиловшылар», П.Кузнецовтың «Герой Советского Союза И.В.Панфилов»,  А.Усеновтың «Мы из Панфиловской», «Панфиловцы», «Маршал Г.К.Жуков. Воспоминания и размышления»  т.б. әдебиеттер қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование