KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887976
2019 жылы:  21691
бүгiн:  1
қазiр:  61
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.12.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Елеукен Ғабдыровтың 100 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Ғабдыров Елеукен Хамидоллаұлы (1912-1989 жж.) Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келген. 1938 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің орыс тілі және әдебиеті бөлімін (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазМУ) бітірген.

   1944-1962 жж. – ҚазҰУ-да оқытушы, аға оқытушы, доцент және филология факультетінің деканы, 1962-1987 жж. – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1976 ж. – орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1987 жылдан осы институттың ғылыми кеңесшісі болды.

   Әдебиеттанушы-ғалым социалистік реализмнің дәстүрін зерттеп, ұлттық әдебиеттің дамуына үлес қосатын эстетикалық ұстанымдарының мәні мен маңызын айқындады, ұлттық сипаттағы қазақстандық болмыстың орыс жазушылары шығармаларында бейнеленуінің, сондай-ақ, Кеңес үкіметі халықтары әдебиетінің идеялы-эстетикалық бірлігі мәселелерін қарастырған.

   Е.Ғабдыров қазақ жұртына М.Горькийдің Д.Фурмановтың, А.Толстойдың, М.Шолоховтың, Л.Леоновтың және тағы басқа орыс және кеңес жазушыларының шығармаларын насихаттады. Кеңестік әдебиетте революциялық жаңарудағы жұмысшы табының рөлі туралы лениндік идеялар, интернационализм мен халықтар достығын қарастыратын «Очерки истории русской советской литературы Казахстана» атты ұжымдық еңбектің жарыққа шығуына қатысты. Бұрынғы Кеңес Одағы қалаларында өткен бүкілодақтық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндамалар оқыған.

   Ғалымның еңбектерінің жалпы тізімі 60-тан астам ғылыми және публицистикалық мақалалардан тұрады. Ғылыми қызметінің негізгі бағыты ретінде кеңестік әдебиеттің ұлттық және ұлтаралық қатынастарын, социалистік реализм мен әдеби үдерістегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ, қазақ жазушыларының шығармашылығындағы көркемдік ерекшеліктерді қарастырады: Ғ.Мустафиннің «Шиганак Берсиев» (1948) повесі туралы, М.Әуезовтің «Абай жолы» (1950) романын оқып меңгеру мәселелері,  С.Мұқановтың «Сырдарья» (1951) романы туралы, «О национальном и интернациональном в советской литературе» (1978), «Великий Октябрь – главное событие ХХ века» (1979) және т.б.

   Еңбектегі жетістіктері үшін Е.Ғабдыров ҚазКСР-нің Жоғары Кеңесі Грамотасымен және медальдармен марапатталған.

   Кітап көрмесінде Е.Ғабдыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер және әр жылдарда қазақстандық басылымдарда жарық көрген ғылыми еңбектері ұсынылған: «Габиден Мустафин» (1958), «М.Горький и казахская советская литература» (1966), «Человек труда – главный герой литературы» (1977), «Шабыт қайнары» (1978), «О национальном и интернациональном в советской литературе» (1978), «Писатель и действительность» (1984) және т.б.

   Көрмеге келуге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование