KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887970
2019 жылы:  21685
бүгiн:  1
қазiр:  58
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.12.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы Серікбай Бейсембаевтың 100 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Бейсембаев Серікбай (1912-1989 жж.) Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1936 жылы Харьков қаласындағы Украина советтік сауда институтын бітірген. 1936-1937 жж. – Қызыл Армия қатарында, 1937-1944 жж. – Минск, Борисов, Архангельск қалаларындағы әскери училищелердің басшылық және саяси құрамында болды.

   Әскери міндетін атқару мен республикалық Орталық комсомол комитетіндегі нұсқаушы қызметі С.Бейсембаевтың үлкен еңбек жолының бастамасы болады. 1944-1948 жж. – Жоғары партия мектебі директорының орынбасары,1955-1963 жж. – Қазақстан КП ОК-нің (Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті) ғылым және мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1964 жылдан Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры қызметтерін атқарған.

   С.Бейсембаевтың негізгі ғылыми еңбектері партия тарихы тақырыбына, басым бөлігі кеңестік мемлекет құрылысына арналған. Қазақстан мен Ортаазиялық республикаларда партиялық ұйымдардың тарихы туралы жазылған бірқатар еңбектердің редакторы және ұжымдық еңбектердің авторларының бірі. Республикадағы мұрағаттық  құжаттардың жиналуын, жүйеленуін ұйымдастыру ісіне үлес қосты.

   Ғалымның бастауымен институтта біліктілігі жоғары тарихшы-кадрлар даярлауға қомақты үлес қосқан Кеңес Одағы Компартиясының тарихы жөніндегі докторлық диссертацияны қорғау бойынша арнайы мамандандырылған кеңесі ұйымдастырылған.

   Оның тікелей қатысуымен және жетекшілігімен шыққан еңбектер: «Очерки Компартии Казахстана», «В.И.Ленин о Средний Азии и Казахстане», «Компартия Казахстана в резолюциях и решениях съездов, конференций и пленумов» және «Вопросы истории Компартии Казахстана» (1964-1981), т.б.

   С.Бейсембаев 160-тан астам еңбектің авторы. Олардың қатарында, қазақ халқының тарихи өмір жолының ең маңызды тұстарын талдап көрсеткен ХІХ және ХХ ғғ. кезеңдерін қамтыған зерттеулері де бар. Оның монографиялары және ұжымдық еңбектері Қазақстанның тарих ғылымының алтын қорына енген.

   Еңбектегі және қоғамдағы істері үшін С.Бейсембаев 1-ші және 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған. Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

   Кітап көрмесінде С.Бейсембаевтың еңбектері және әр жылдарда мерзімді басылымдарда жарық көрген шығармашылығы жайлы мақалалар ұсынылған:  «Қазақстан Азамат соғысының от-жалынында» (1960), «Ленин және Қазақстан (1897-1924 жж.)» (1970), «Қазақстанда Ленин құрметіне партияға адам алу» (1974), «История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней) в 5-ти томах» (1977, 1980), «Ленин и Казахстан» (1987).

   Көрмеге келуге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование