KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887955
2019 жылы:  21670
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.01.2013

   Әлем әдебиеті бөлімінде атақты ағылшын ақыны, жазушысы және драматургының 225 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы ақын - романтик Джордж Гордон Байрон» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Джордж Гордон Байрон (22.01.1788,  Лондон  – 19.04.1824  Миссулонги, Греция) – ағылшын романтик-ақындарының ішінде ең көрнекті өкілі. Абердин классикалық мектебінде, Харроу-скул және Тринити-колледжінде (Кембридж) білім алған. 1798 ж. барон титулына ие болды. 1809 ж. Лорд палатасына мүше болды. Оның ең алғашқы "Демалыс сағаттары" (1807 ж.) атты өлеңдер жинағы баспасөз тарапынан қатал сынға ұшырады. Бұған жауап ретінде Байрон «Ағылшын бардтары мен шотландық шолушылары» атты сатирасын шығарды және осы шығармасы арқылы өзінің замандастары атақты жазушылар Р.Саути, С.Кольридж, Г.Уордсворт және В.Скоттарға қарсы шықты.

   1809-11 ж. Байрон көп елдерге сапар шегеді (Португалия, Мальта, Греция, Ливан). Осы саяхаттан алған әсерін ақынның «Чайлд Гарольдтың қажылығы» (1812) поэмасының алғашқы екі өлеңінен байқауға болады. Байронның бұл еңбегі әдебиет саласындағы оның ең үлкен табысы болып табылады. 1813 ж. «Абидосс қалыңдығы» және «Гяур», бір жылдан кейін «Корсар» және «Лара» поэмалары жарық көрді. 1815 ж. «Еврей мелодиялары» басылып шықты.

   1816 ж. Байрон Женеваға саяхат жасады. Осы жерде ол "Шильон тұтқыны" және «Чайлд Гарольд» поэмасының үшінші өлеңін жазды. Осыдан кейін Италияға сапар шегіп, 1817 ж. Рим қаласында Байрон «Тассо наразылығы» поэмасын жазды. Венецияда ол «Манфред» (1817), «Бенно» (1818) поэмаларын, «Чайлд Гарольдтың» төртінші өлеңін (1818), «Дон Жуан» поэмасының алғашқы екі өлеңін жазып шықты. Сол жылы Равеннаға қоныс аударып, «Дантенің көрегендігі» (1821) атты поэмасын жазды. 1821 ж. Байрон итальян отаншылдарымен бірге күреске қатысты. 1820 жылдардың басында Байрон драматургияға бет бұрды. Ол «Екі Фоскари», «Сарданапал» традегияларын, «Каин», «Аспан мен Жер» (1-бөлімі ғана аяқталған), «Кейпін өзгерткен Құбыжық» атты драмаларын дүниеге әкелді. Оның атағы бүкіл Еуропаға жайылды. 1822 ж. Р.Саутидің поэмасына жауап ретінде «Соттың елестеуі» атты сатирасы басылып шықты. 1823 ж. «Қола дәуірі» және «Арал» атты поэмаларды шығарды. Итальяндық карбонарийлардың қозғалысына қатысып, көптеген сәтсіздіктен кейін түрік езгісіне қарсы шыққан грек отаншылдарымен күреске қатысу үшін гректердің Миссулонги қаласына келіп, күтпеген жерден осы қалада безгек ауруынан қайтыс болады. Байронның денесі Англияға әкелініп, туған жері Ноттингемширде жерленген.

   Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Д.Г.Байронның еңбектері және ол туралы әдебиеттер қойылды: Байрон Д.Г. Таңдамалы шығармалары  2-томдық; Байрон Д.Г. 4-томдық шығармалар жинағы;  Андре Моруа «Дон Жуан, немесе Байронның өмірі»; Жирмунский В.М. «Байрон және Пушкин»; Дьяконова Н. «Байронның қуғындағы жылдары» және т.б.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование