KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887890
2019 жылы:  21605
бүгiн:  1
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.01.2013

    16 қаңтар сағ. 10.00-да «Қазақ» газетінің 100 жылдығы және ұлттық интеллигенцияның тағдыры» тақырыбында дөңгелек үстел және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бастамасымен құрылған "Ғылыми қазына" пәнаралық бағдарламасы аясында "Ұлы Дала тұлғалары" атты кітап сериясының тұсаукесері өтті. Бұл шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты ұйымдастырды.

     1913 жылдан бастап 1918 жылға дейін басылып шыққан «Қазақ» газеті беттерінде қазақ мемлекеттілігінің басында тұрған Алаш партиясы және Алаш қозғалысының көшбасшылары колониалды империя жағдайында жалпыұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін айқын көрсетті. Қазақстан халқының үздік өкілдерінің аянбай күресуі және іс-әрекеттерінің маңыздылығын қазіргі замандастарға алдағы уақытта ұғынуға тура келеді. Олардың мұрасын оқып білу өміршеңдігін сақтайды және Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» қойылған және бірқатар мемлекет Басшысының жолдауларында интеллигенцияның азаматтық жауапкершілігі, ұлттың тарихи санасын және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда ерекше маңызға ие.

    Бұл міндетті іске асыруға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бастамасымен құрылған "Ғылыми қазына" пәнаралық бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан ғалым-тарихшылардың жаңа зерттеулері ықпал етеді. Аталмыш бағдарламаның аясында "Ұлы Дала тұлғалары" атты кітап сериясы іске қосылды, оның үлкен ғылыми және қоғамдық маңызы өте зор, сондай-ақ тәрбиелік міндетті де атқарады.

   Серияның мақсаты – Қазақстан тарихының көрнекті қайраткерлері туралы білімді, тарихи деректі және мысалдарды көпшілікке таныту, қоғамдық сананы қазақстандық отаншылдық рухта қалыптастыру, жасампаздық белсенділік пен тәуелсіздіктің әлеуетін күшейту.

   Мемлекет тарихы институты қызметкерлері бұл серияны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен бастауды оң көрді. «Нурсултан Назарбаев и казахстанская модель строительства государства (исторический аспект)» атты кітап Елбасының КСРО-ның қыдырауы және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы сияқты үлкен тарихи дәуірлері кезіндегі қызметін зерттеуге арналған.

   Сериядағы қос кітап – «Әлімхан Ермеков» және «Жұмабек Тәшенев» қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткерлері, мемлекеттік ойлауы мықты, көреген, ұлтына адал әрі ұлық, артық туған ұлдарына арналған. Жаңа кітаптардың тізімін тарихи маңызы үлкен басылымдар алды: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» (болгар тілінде), «Қазақстанның жаңа тарихы» атты үш томнан тұратын ғылыми-көпшілік басылымы; «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы. История формирования Государственных символов Республики Казахстан» атты кітап-альбомы, «1932–1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты Правда о голоде 1932–1933 годов» атты ұжымдық монография. Бұл кітаптың тікелей қосымшасы әрі жалғасы «Қазақстандағы ашаршылық: халық қасіреті және тарих тағылымы / Голод в Казахстане: трагедия народа и уроки истории» атты Халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинағы болып табылады.

   Дөңгелек  үстелде Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Г.Аяған: «Ұлы дала тұлғалары» атты жаңа кітап сериясы аса зор ғылыми және қоғамдық маңызға ие, ол тәрбие үшін керек, өйткені қазіргі жас ұрпақ әлі ұлтымыздың көрнекті адамдары, тарихи қайраткерлер туралы жеткілікті дәрежеде біле бермейді, – деп атап айтты.

    Жаңа басылымдарды талқылауда қоғам қайраткерлері, шығармашылық және ғылыми интеллигенцияның өкілдері қатысты: ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдарының докторы, профессор К.Н.Бұрханов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қ.Атабаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары, тарих ғыдымдарының докторлары: М.Қойгелді, Х.Сүтеева, Г.Жүгенбаева, Р.Сүлейменов  атындағы Шығыстану институтының директоры, т.ғ.д., профессор М.Әбусеитова, Ә.Марғұлан атындағ,ы Археология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Б.Байтанаев, қоғам қайраткерлері: К.Қаптағаев, С.Кенжебаев, С.Құрманғожин, Әлімхан Ермековтың немерелері: кәсіпкер О.М.Ермеков, И.Ермекова, М.Мажитова, Г.Симонян, Ж.Тәшеновтың ағасының ұлы Қ.Тәшеновтер қатысты.

   Сөз сөйлегендер «Ұлы дала тұлғалары» атты серияның кітаптары жаңа әдіскерлік ұстаныммен жазылғанын, жаңа замандағы Қазақстан тарихын зерттеуге қосылған үлес екенін атап көрсетіп, істеген жұмыстары үшін Мемлекет тарихы институтының авторлар ұжымына: тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Г.Аяған, тарих ғылымдарының докторлары Ж.У.Қыдырәлин мен А.М.Ауанасов, педагогикалық ғылымдардың кандитаты С.Ж.Дүйсен, тарих ғылымдарының кандитаты К.А.Еңсенов және басқаларына алғыс айтты.

   ҚР Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар және қолжазбалар қорынан 1914 ж. «Қазақ» газеті көпшілік оқырман назарына ұсынылды.

   Дөңгелек үстел аясында 2012-2014 жж. «Ғылыми қазына» бағдарламасын жүзеге асыру негізгі бағыттарына арналған әлеуметтік-гуманитарлы бағыттағы жетекші отандық ғылыми-зерттеу институттары басшыларының кеңесі өткізілді.

   Іс-шараға ҚР Парламентінің депутатары, қоғам қайраткерлері, тарихшы-ғалымдар, ҚР ҰҒА академиктері, Институтардың басшылары, ЖОО оқытушылары және студентері, БАҚ өкілдері қатысты.

   

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование