KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887830
2019 жылы:  21545
бүгiн:  1
қазiр:  58
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.01.2013

    «Қазақстан кітаптары» бөлімінде әдебиеттанушы, балалар ақыны Нұрхан Жанаевтың 80 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Жанаев Нұрхан 1933 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында дүниеге келген. 1955 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін  бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Н.Жанаев Тереңөзек, Жаңақорған аудандарындағы мектептерде мұғалім, кейіннен облыстық радио, Тереңөзек аудандық «Еңбек майданы» газетінің тілшісі болды. 1958 жылы Алматыға қызметке ауысты. Қазір зейнеткер.

    Н.Жанаев «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») республикалық газетінде, «Мектеп» баспасында аға редактор, «Жалын» баспасында редактор, республикалық телевизия мен радионың әдебиет редакциясында редактор, республикалық Халық шығармашылығы үйінде әдіскер қызметтерін атқарған.

    Ақынның шығармашылығының негізі бағыты балаларға арналған. Оның  «Жау, жау, жаңбыр» атты алғашқы өлең жинағы 1963 жылы жарық көрді. Кейіннен балабақша бүлдіршіндерінен бастап, мектеп жасындағы жеткіншектердің балалық бал қылығын,  думанды дәуренін жырға қосатын «Құстар ұшып келеді» (1967), «Жанымның жазирасы» (1972), «Әнші торғай»(1974), «Назқоңыр» (1976), «Нұрлы аспан» (1984) және т.б. бірқатар шығармалар жазды.  Ақынның өлеңдері балаларды туған жерін танып білуге, табиғаттың әдемілігін ғана емес, халықтың жасампаз еңбегін, сондай-ақ, мейірімділік, еңбексүйгіштік, қамқорлық сияқты адами қасиеттерді ашып көрсетеді. Тілі  әзілді де, қуақы, жеңіл есте сақталатындай кішкене оқырмандарға түсінікті. Ақын балалар ақындары З.Александрованың, И.Георгицэнің және т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

   «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қорқыттан бастап қазіргі таңдағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті қайраткерлерінің шығармаларын қамтыған 200 томдық «Сырдария кітапханасы» сериясында ақынның  өлеңдер жинағы жарық көрді.

   Кітап көрмесінде Н.Жанаевтың өмірі, әр жылдары қазақстан баспаларында жарық көрген: «Назқоңыр» (1976), «Сыбдырлайды жапырақ» (1980), «Нұрлы аспан» (1977), «Дождик, дождик поливай» (1986), «Өмір өрнектері» (1990), «Қуанышты күн» (1984), «Назқоңыр» (2009) және т.б. шығармалары ұсынылған.

    Көрмеге келуге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование