KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887868
2019 жылы:  21583
бүгiн:  1
қазiр:  79
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.01.2013

    23 қаңтар сағ.11.00-де Көрме залында  Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы­ның академигі, «Парасат» орденінің иегері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қошановтың «Индустриально-инновационная стратегия и экономический рост», «Трудное восхождение. На путях к рынку», «Национальные экономические интересы и отношения собственности» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

    Аманжол Қошанұлы Қошанов 11 қазан 1934 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Алқаағаш ауылында тулған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітіріп (1951-1957), Ақтөбе кооперативтік техникумының оқытушысы (1957-1959), Қазақ КСР Ғылым академиясының Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, директордың орынбасары, директор қызметтерін  атқарды (1959-1995). ҚР Ғылым министрлігі Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті және коллегия мүшесі (1996-1999). 2004 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Экономика институтында нарықтық экономика теориясы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

    Академик А.Қошановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыттары: ұлғаймалы ұдайы өндіріс және индустриялық өсу теориясының өзекті мәселелері, аймақтық экономиканың әлеуметтік-экономикалық мәселелері, Қазақстанда нарықтық қатынастар­дың қалыптасу теориясы мен әдістемесі. А.Қошанов өтпелі экономика жағдайында Қазақстанда меншік қатынастарының өзгеруі, кәсіпкерліктің дамуы, ұлттық экономикалық мүдделер жүйесі, жаһандану және аймақтық интеграция жағдайында экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізіп, бұл мәселелер бойынша ғылыми бағдарлама жасауға атсалысты. Ол экономикалық теория бойынша өзіндік ғылыми мектебін қалыптастырды.

     Аманжол Қошанов 400-ден аса кітаптардың, 29 монографияның авторы, 100-ге жуық басылымдардың редакторы.

    Тұсаукесерді Қазақстан Ғалымдар одағының Президенті, мемлекеттік сыйлығының иегері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сабден жүргіз­ді.

    Тұсаукесерге белгілі академиктер: С.Қирабаев, С.Кенжебаев, Н.Мамыров, А.Нысанбаев, ғалымдар, профессорлар: М.Асылбеков, Х.Абжанов, М.Нәрікбаев, Н.Шарипова, Ш.Беркім­баева, Р.Алшанов, А.Абишев қазіргі Қазақстанның экономика саласындағы өзгерістері мен даму жолдары туралы сөз қозғады. Сөз сөйлегендер  Аманжол Қошановтың еңбектер туралы өз пікірлерін білдіріп, олардың маңыздылығын атап өтті.

    Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан А.Қошановтың өмірі мен қызметіне арналған «Академик Аманжол Қошанов» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге А.Қошановтың әр жылдары жарық көрген еңбектері, мақалалары, ол туралы басылымдар ұсынылған.

   Қатысушылар: белгілі академиктер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ғылыми  институттар мен университеттер басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, оқырмандар, БАҚ өкілдері.

      

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование