KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065060
2019 жылы:  130595
бүгiн:  1
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.01.2013

     «Қазақстан кітаптары» бөлімінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  Сәниев Шарифолланың 80 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     Сәниев Шарифолла 1933 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданының Сайқұдық ауылында дүниеге келген.1951 жылы Стерлитамак қаласында (Башқортстан) авиация кіші мамандарын даярлайтын мектепті бітіріп, самолет жабдығының электр жүйесін жөндеуші, ауылда жүргізуші, тыңда жұмысшы, Жымпиты аудандық «Қызыл ту» газетінде тілші, баспахана меңгерушісі. 1978 жылдан Алматының полиграфия комбинатында еңбек еткен. «Құлыншақ» журналында жауапты хатшы қызметін атқарды.

     Өлең жазуға бала жасынан құштар Шарифолланың тырнақалды туындылары мектептегі  қабырға газеттеріне шықты. 1969 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Жас керуен» жинағына ақынның бір топ өлеңдері енеді. Кейіннен «Сапар» (1971), «Бір тілім ай» (1989), «Еркелер мен серкелер» (1991) атты жеке жинақтары жарық көрген.

     Кітап көрмесінде Ш.Сәниевтің өмірі жайлы материалдар және «Жас керуен» (1969), «Сапар» (1971), «Бір тілім ай» (1989),  «Еркелер мен серкелер» (1991) және т.б. шығармалары қойылған.

     Көрмеге келуге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование