KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887833
2019 жылы:  21548
бүгiн:  1
қазiр:  61
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.02.2013

    Әлем әдебиеті бөлімінде  атақты Үнді ойшыл-гуманисі,  діни насихаттаушы және қоғам қайраткері «Раджа йога - Свами Вивекананданың» 150 жылдық мерейтойына арналған  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Свами Вивекананда (бүркеншік есімі, шын аты Нарендранатх Датта)  –  белгілі үнді философы және қоғам қайраткері  1863 ж. 12-қаңтарда Калькуттаның Симла ауданында (Батыс Бенгалия) дүниеге келді. "Вивекананда" деген сөз орысшаға аударғанда «ақыл сәулесі» деген мағынаны  білдіреді.

    Балалық шағында ол өзінің өткірлігімен, ұшқыр ақылымен ерекшеленді. Мектеп кезінен оқуда озат, сондай-ақ, әртүрлі ойындарға қатысып, үнемі жақсы нәтиже көрсете білген. Ол әуесқойлық театр студиясын және гимнастикалық клуб ұйымдастырып, сайыс, күрес, ескек  есу және басқада спорт түрлерімен шұғылданды. Аспапты және вокалдық музыканы үйренді. Өз достарының арасында көшбасшы болды. Жас кезінде касталық ерекшелікке және дінге негізделген  ырымшыл әдет-ғұрыптарға, кемсітулерге күмән келтірді.

    1879 ж. Нарендра оқуын  жалғастыру үшін Калькуттадағы Президенттік колледжге (Presidency College) түсті. Онда бір жыл оқығаннан кейін Шотландық шіркеу колледжіне (Scottish Church College) ауысып, философияны оқыды. Курс барысында ол логиканы, батыс философиясын және еуропа тарихын зерделеді. 1893 ж. Ведант ілімін насихаттау мақсатында АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Жапонияға барды. 1897 ж. «Рамакришнаның өсиеті»  атты діни-реформаторлық қоғам құрды. Ол йоганың ең ірі өкілі болды.

    Вивекананда – Үндістанның ұлттық тәуелсіздікке, әлеуметтік берекеге ұмтылған Қайта өрлеу заманының идеологы. Ол езушілікке, нәсілшілдікке және экспансионистік тенденцияларға қарсы тұрды. Колониалдық жағдайлардың себептерін ұлттық даралықтың жоғалуынан көрді. Вивекананда насихаттаған "әмбебап" реформаланған діннің әлеуметтік мақсаты – жоқшылық кешуші аш адамдарға көмек көрсету қозғалысы. Вивекананданың демократиялық насихаттау сөздері – Үндістанды азат ету қозғалысына әкелген. Свами 1902 ж. 4 шілдеде Калькутта жанындағы Белурс монастырында мерт болды.

     Оның негізгі еңбектері: «Джнана-йога», «Афоризмы йога Патанджали», «Карма-йога», «Бхакти-йога», «Практикалық веданта», «Крийя йога», «Раджа-йога», «Йоганың ақылы», «Будданың міндеті», «Йоганың жүрегі», «Менің ұстазым», «Өмір және мұра».

     Көрмеге кітапхана қорынан Вивекананданың орыс, ағылшын және қазақ тілдеріндегі: «Рухани әңгімелер», «Будданның әлемдік миссиясы», «Менің өмірім және миссиям», «Карма-йога», «Менің ұстазым», «Йога философиясы», «Діндердің әлем парламенті» атты еңбектері және ол туралы әдебиеттер қойылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование