KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887656
2019 жылы:  21371
бүгiн:  1
қазiр:  10
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.02.2013

    Әлем әдебиеті бөлімінде «Өнегелі адамдар өмірі»  көнеден келе жатқан ресейлік кітап сериясының кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    «Өнегелі адамдар өмірі» – көркем өмірбаяндық  кітаптар сериясы, негізін алғаш 1890 жылы атақты орыс ағартушысы Павленков Ф.Ф. (1839-1900) қалап, кейін бұл жобаның дамуына М.Горький атсалысып, 1933 жылы «Өнегелі адамдар өмірі» сериясымен кітап шығару ісі қайта жалғасын тапты (1868-1956). Серия орыс тіліндегі алғашқы әмбебап өмірбаяндық жинақ болып табылады.  200-томдық «Өнегелі адамдар өмірі» атты павленковтық кітапхана 1890 жылдан 1915 жылға дейін шығып отырды (Павленков өмірден өткен соң   серия жобасын оның шәкірттері аяқтаған) және әр түрлі жастағы оқырмандар арасында жетістікке ие болып, төңкеріске дейінгі жылдары 40 рет жалпы  тиражбен шамамен 1,5 млн. дана қайта басылды. Қалың  оқырман қауымға арналған  павленков сериясының көлемі шағын болғанымен мазмұны жағынан терең болды.

    1933 жылдың қаңтарында өмірбаяндардың ең ауқымды және бірегей әмбебап  жинағының қайта жандануына ықпал еткен, ««Газет-журнал бірлестігінде» басылған «ЖЗЛ» горькилік сериясының алғашқы басылымдары оқырманға жол тартты.

    М.Горький «Өнегелі адамдар өмірі» сериясының  жаңарған туындысын бірлесіп шығаруға ресейлік, сонымен қатар шетелдік  озық күштерді тартуға тырысты: өнегелі адамдар жайлы өнегелі адамдар жазуы керек  деп дәйектейді.

   1933 жылдан бастап сериялы кітаптар жүйелі түрде қайта басылып шыға бастады. 1938 жылы «Газет-журнал бірлестігі» таратылғанда «Молодая гвардия» баспасының иелігіне берілген серия содан бері үзіліп көрген емес. «Молодая гвардия» тарихында «Өнегелі адамдар өмірі» сериясы шын мәнінде өрлей түсті. Абхаз, әзірбайжан, қазақ, латыш, қарақалпақ, тәжік, өзбек, украин, якут және т.б.  «Өнегелі адамдар өмірі» сериясы пайда болды.  Соңғы жылдары серия жаңаша лепке ие болды. Оның жыл сайынғы шығарылымы бүгінде 50-60 жаңа өмірбаяндық  басылымдарды құрайды, яғни кеңес дәуіріне қарағанда екі есе көп. Авторлар қатары да көбейді. Олардың арасында тек кәсіби әдебиетшілер ғана емес сонымен қатар тіл мамандарын, пәлсапашыларды,  тарихшыларды, өнертанушыларды және әртүрлі саладағы адамдарды кездестіруге болады. Бүгінде «Ұлы адамдар өмірі» сериясы бойынша 1400-ден астам кітап- тардың жалпы таралымы 100 миллионнан асқан.

    Көрмеге Ұлттық кітапхана қорынан «Өнегелі адамдар өмірі» сериясымен 1891-2011 жылдар аралығында жарық көрген кітаптар  қойылған.

     Кітап көрмесіне шақырамыз!

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование