KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887832
2019 жылы:  21547
бүгiн:  1
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.02.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқырман залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасына орайластырылған  «Бақыттың кілті – еңбекте»  атты  кең ауқымды тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Көрмеге ҚР Ұлттық кітапхана қорынан алынған қазақ және орыс тілдерінде 170-тен астам басылымдар қойылған. Кітап көрмесі жеті бөлімнен тұрады:

   «Мемлекет және құқық: еліміздегі  әлеуметтік дамудың жаңа бағыттары» атты бірінші бөлімде­­ Қазақстан Республикасының заңдар жинағы, азаматтық қоғам қалыптастырудағы басты бағыттар, еңбек құқығы мен әлеуметтік қорғау дамуының тенденциялары туралы және нормативтік құжаттар ұсынылған.

   «Жалпыға ортақ еңбек қоғамының келбеті» бөлімінде мемлекеттің инновациялық-техникалық даму аспектілері, еліміздің энергетикасының дамуы, өндірісті дамытудың қазіргі жағдайы мен келешегі және өзекті техникалық мамандықтар туралы әдебиеттер берілген.

  «Ғылымдағы үдерістер» бөлімінде бәсекелестікке қабілеттілікті қамтитын жаңашылдықтың экономикалық келбеті, экономика мен әлеуметтік даму үдерісі, сонымен қатар, ғылымды дамытудағы жетістіктер, Қазақстанға белгілі ғалымдардың ғылымға қосқан үлестері туралы әдебиеттер ұсынылған.

   «Жастарға қамқорлық – кемел келешек кепілі» бөлімінде жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың теориялық мәселелеріне арналған жас ғалымдардың республикалық конференциясының материалдары, еліміздегі экономика мен қоғам дамуындағы жастардың рөлі көрсетілген.

    «Мәдениеттің деңгейі – ұлттың ұстыны» бөлімінде қазіргі кезең даму сатысындағы Қазақстанның мәдениеті мен өнері, жаңашылдық көрінісі, кітапхана жұмысын  жетілдірудегі жаңа бағыттарды сипаттайтын басылымдар ұсынылған.

    «Салауатты өмір салты» бөлімі кез келген мемлекеттің дамуындағы ең маңызды көрсеткіш – халықтың денсаулығына арналған. Бұл бөлімде салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар, дұрыс тамақтану, спорт және сауықтандыру жайлы мәліметтер енгізілген.

     «Табиғи ресурстар және экология» бөлімінде Қазақстанның экологиялық мәселелері жөніндегі әдебиеттер: қоршаған ортаның ластану көздері, Арал көлінің құлдырауы, Семей полигоны, Каспий теңізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және құқық статусы. сонымен қатар, табиғи ресурстар: органикалық және бейорганикалық қазбалар, жылу, энергетика, климаттық, су, т.б. құжаттар ұсынылған.

    Кітап көрмесі жыл бойы тұрады және толықтырылады!  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование