KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065035
2019 жылы:  130570
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.02.2013

    2013 жылы 12 ақпанда Ұлттық кітапхананың Көрме залында елдегі барлық партиялар, ұлттық компаниялар, қоғамдық ұйымдар, отандық және шетелдік ғалымдар дайындаған «Медиатехауыл» және Адам капиталын дамыту бағдарламасы - жол картасының тұсаукесеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

      Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, «Халықаралық адам институты»  ЖШС.

   Конференцияға қатысушылар ауыл-селоның экономикасын көтеру мен шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен «Қазақстандағы адам капиталын дамыту механизмдерін дайындау» бағдарламасының – жол картасын жан-жақты талқылап, ұсыныстар енгізді.

   Іс-шараны Халықаралық адам институтының президенті, биология ғылымдарының кандидаты, Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі Ж.М. Әкім ашып, сөз сөйледі. Жобаны енгізу  мәселелер жөнінде академик  Н.К.Надиров,  «Қазақ тілі» Халықаралық қорының президенті,  академик Ө.А.Айтбаев,  филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы  Ассамблеясының мүшесі  А.А.Осман,  тарих ғылымдарының докторы К.Атабаев және т.б. пікірлерімен бөлісіп, сөз сөйледі.

   Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институтының басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері,  университет ректорлары мен ғылыми зерттеу институттарының басшылары, ЖОО, банкирлер және кәсіпкерлер қауымдастығы төрағалары, депутаттар, компаниялардың басшылары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, университет студенттері, БАҚ құралдары мен ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары қатысты.

                                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование