KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887740
2019 жылы:  21455
бүгiн:  1
қазiр:  59
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.02.2013

    «Қазақстан кітаптары» бөлімінде қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым-этнограф Тынышбек Дайрабайдың 70 жылдық мерейтойына орай «Алтын қазынаны жинақтаушы қаламгер» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

    Тынышбек Дайрабай 1943 жылы Қызылорда облысы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

   1969-1974 ж. - Қызылорда облысының Тереңөзек аудандық «Еңбек туы» газетінің бөлім меңгерушісі, 1974-1976 ж. - «Қараөзек» кеншарының партком хатшысы, 1979-1985 ж. - Тереңөзек аупартком бөлімінің меңгерушісі, 1985-1995 ж. -  аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1995 жылдан халықаралық «Түркістан» газетінде қызмет істейді.

    Тынышбек Дайрабай  -  ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, Қызылорда облысының Сырдария өңірінен шыққан атақты би, батыр, шешен, жыраулардың шығармаларын жинаған. Тынышбек Дайрабайдың мақалаларының көпшілігі халық ауыз әдебиетінен,  аңыздардан, мұрағаттық құжаттар мен сирек қолжазбалардан алынған XVIII-XIX ғасырдағы ақын-жыраулар, тарихи тұлғалар және қоғам қайраткерлері туралы құнды ақпараттарды құрайды.

    «Сырдың сырлы сыры» атты кітабы тарихи танымдық мәні бар, «Пірлер мен ахундар», «Батырлар мен билер хақында», «Әр жылдардан үзік сыр» деген тараулардан тұрады.

    «Жалағаш жері – жыр кені» жинағында XVIII-XIX ғасырларда ғұмыр кешкен Сыр сүлейлерінің үлкен бір шоғырының, сонымен қатар танымал өнер адамдарының, мемлекет қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелейді.

     1999 жылы зерттеушінің өз ынтасымен Санкт-Петербор қаласынан алдырған «Түркістан» альбомы 2005 жылы жеке жинақ ретінде басып шығарылды.

     2012 жылы заң ғылымдарының кандидаты М.Ахметовпен бірлесіп дайындаған «Билер сөзі  -  киелі» атты кітабы жарық көрді. Еңбекке Әйтеке, Досбол, Балаби, Торғай, Басықара, Кетебай және басқа да билер жайлы, олардың қанатты сөздері, сонымен қатар билердің мөрлері, кесенелерінің суреттері енгізілген.

   Тынышбек Дайрабай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры», Әлеуметтік ғылымдар академиясының «Құрметті академигі», Қызылорда облысының Қармақшы және Жалағаш аудандарының «Құрметті азаматы», «ҚР Мәдениет қайраткері». Қазақстан журналистер Одағының Құрмет грамотасымен марапатталған.

   2012 жылы Т.Дайрабай еліміздегі мәдениеттің дамуына маңызды үлес қосқаны үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

  Кітап көрмесінде Т. Дайрабайдың өмірі мен еңбек жолы жайлы материалдар және оның зерттеу жинақтары: «Қаңлы Жүсіп» (1994), «Кете Шөмекей шежіресі» (1995), «Тұғырлы тұлға» (1998), «Қорқыт Ата» энциклопедиясы (1999), «Кете Жүсіп» (2003), «Сырдың сырлы сыры» (2005), «Жалағаш жері – жыр кені» (2008), «Сыр перзенттері» (2010), «Билер сөзі киелі» (2012) және т.б. еңбектері ұсынылған.

    Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование