KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887668
2019 жылы:  21383
бүгiн:  1
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.02.2013

   ҚР Ұлттық кітапханасының көрмелер залында Төле би Әлібекұлының 350 жылдығына орай, «Қазақ халқының кемеңгері» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Төле би Әлібекұлы (1663-1756 жж.) – танымал қоғам қайраткері, Қазақ хандығының атақты билерінің бірі, Ұлы жүздің бас биі, шешен және ақын.

   Төле би Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында орналасқан Жайсаң шатқалында дүниеге келген. 15-20 жасынан бастап ол сот жиындарына қатысып,  шешендік өнері мен әділдігі арқылы таныла бастайды. Төле би ер мен әйел теңдігінің жақтаушысы болды. Жүздердің бірігу кезеңінде Төле би жергілікті сот лауазымын атқарды және барлық жүздердің бас биі (ұлы би) болып есептелді. Алайда, қазақ-жоңғар шайқасының әсерінен біртұтас Қазақ хандығы бірнеше ұсақ хандықтарға ыдырай бастады. Төле би Ұлы жүздің бас биі болып, халық майданын құрып, азаттық күресін жүргізеді. 1733 жылы Төле би Ұлы жүздің Ресей қоластына кіруге ниет білдірген бастаушыларының бірі болды. 1734 жылғы 10 шілдедегі құжатқа (грамота) сәйкес Ұлы жүз Ресей қоластына кірді. Тәуке хан билік еткен жылдары (1680-1718 жж.) Әйтеке би және Қазыбек бимен бірге Төле би Қазақ хандығы заңдарының басты жинағы «Жеті жарғыны» жасап шығарды. Өзінің даналығы мен әділдігінің  арқасында ол барлық жүздерге зор ықпал жасады. Оны ақындар, жыраулар дәріптеп, құрметтеді, Орта және Кіші жүз билері онымен  ақылдасып отырды. Ұлы жүздің бас биі ретінде ол Шымкент, Түркістан, Ташкент қалаларындағы көптеген  сәулетті ғимараттардың – тарихи орындардың салынуына себепші болды. Төле би мәйіті Ташкент қаласындағы Қарлығаш би кесенесінде жерленген.

   Төле би есімі Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандарына және Алматы қаласының көшесіне берілген.

  Көрмеде энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар, Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихы жайындағы кітаптар, «Жеті жарғы» заңдар  жинағы, сонымен қатар, Төле бидің өмірі және шығармашылығы жайындағы әдебиеттер қойылған.  Көрмеде кітапхананың Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан алынған материалдар ерекше орын алады.

     

   Кітап көрмесіне шақырамыз!!!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование