KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887739
2019 жылы:  21454
бүгiн:  1
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.02.2013

   Мерзімді басылымдар залында «Простор» журналының 80 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды. 

   «Простор» - орыс тіліндегі әдеби-көркем Қазақстанның  журналы. Қазақстан жазушылар одағының органы. Қазақстанда 1960 жылдан бастап шығады. Тақырыбы: Қазақстан жазушыларының өлеңдер, проза, публицистік және көркем-әдеби шығармалары.

  Журнал әр жылдары «Қазақстан» жинағы(1933), «Советская литература Казахстана» (1934), «Литературный Казахтан» (1935-1939), «Литература и исскуство Казахстана» (1939-1941), «Казахстан» альманахы (1946-1953), «Советский Казахстан» (1953-1959) журналы атауларымен шығарылып тұрды.

   1960-1970 жылдардың басында журнал КСРО көлемінде кеңінен танымал болды. Сол уақытта журналды белгілі жазушы И.П.Шухов (1906-1977) басқарды.

   Әр жылдары журналдың редакциялық құрамына көптеген талантты публицистер, прозашылар, ақындар, солардың қатарында В. Петров, Ю. Герт, В. Антонов, Н. Ровенский, Г. Черноголовина, И. Щеголихин, М. Симашко, Р. Тамарина және т.б. тартылды. Бұл журнал мазмұнының деңгейін көтеруге ықпал етті.

    Алғашқы  рет «Простор» журналына сол кезде жартылай тиым салынған Анна Ахматованың  Марина Цветаеваның ,Осип Мандельштаманның өлеңдері ,Платонов пен Пастернактың белгісіз  шығармалары басылып шықты. Журнал бетіне  булгаковтану бойынша мәліметтер шықты. Сол кезде  басқа  «халық жауы» - Мағжан Жұмабаевтың  өлеңдері  басуға дайындалып жатты.

   1970 жылы «Простор» журналында   Ілияс Есенберлиннің  еске  алуға тиым салынған тарихи тұлға, қазақтың соңғы ханы Кенесары  туралы «Хан Кене» романы басылып шықты. Кейіннен роман атақты «Көшпенділер» трилогиясына  кірді.

   Осы жылдар ішінде журналдың таралу данасы 50 000 мыңға көтерілді. 1980 жылдың аяғында  В.Д.Успенскйдің «Тайный советник вождя»  романы басылып шыққанда, журналдың таралымы 160 мың данаға өсті. Қазіргі уақытта журналдың таралымы 2 мың дананы құрайды.

Бас редакторлар: 

1961 - 1963, Снегин, Дмитрий Фёдорович

1963 - 1974, Шухов, Иван Петрович

1975 - 1985  Вениамин Иванович Ларин

1985 - 1992, Толмачев, Геннадий Иванович

1992 - 1996, Петров, Ростислав Викторович

1996 - 1997, Киктенко, Вячеслав Вячеславович

1998 – 1999, Толмачев, Геннадий Иванович

2000 -  2003, Петров, Ростислав Викторович

2003 - жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  Михайлов Валерий Федорович

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование