KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887707
2019 жылы:  21422
бүгiн:  1
қазiр:  57
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.02.2013

   2013 жылы 21 ақпанда сағ.15.00-де Үлкен залда композитор, КСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

    Кеш «Інжу-маржан»  өнер  клубының аясында ұйымдастырылды.

   Мұқан Төлебаев (1913-1960) - композитор, КСРО-ның халық артисі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазКСР-нің еңбегі сіңген өнер қайраткері.

   Мұқан Төлебаев – қазақтың белгілі музыка шебері, ұлттық композитор. "Аманкелді" операсының (Е.Брусиловскиймен бірлесіп), ҚазКСР Мемлекеттік гимнінің (Е. Брусиловский мен Л. Хамидимен бірлесіп) әуенінің авторы. Оның «Біржан мен Сара» операсы қазақтың опера музыкасында аса бағалы мұра ретінде ерекше орын алады. Ол оркестрлік және камералық шығармалар, 50-ден астам өлеңдер, романстар, спектакльдер мен фильмдерге арнап музыка жазған, сонымен қатар халық әндерін өңдеген композитор.

   Кеш барысында М.Төлебаевтың жары Дариға апай, қарындасы Жамаш Әлімқызы Төлебаева және музыка зерттеуші Нұрғиян Сәлімқызы Кетегенова М.Төлебаев туралы ой-естеліктерімен бөлісті.

   Кітапхана қорынан Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашы­лығына арналған «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ұлттық библиография қызметі дайындаған «Мұқан Төлебаев (1913-1960)» атты ұсыныстық библиографиялық  көрсеткіштің слайд шоуы көрсетілді.

  Кеште Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртістері Торғын Смаилова, Халықаралық конкурстардың лауреаты Нұржан Бажекенов және  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты Қуаныш Мұхамедиев М.Төлебаевтың шығармаларынан әндер орындады.

   Іс-шараға Мұқан Төлебаевтың туыстары, өнер адамдары, студенттер мен оқырмандар қатысты.

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование