KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887694
2019 жылы:  21409
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.02.2013

    ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде «Ынтымақтастық және өрлеу  жолы» – «Путь сотрудничества и прогресса» тақырыбында кең ауқымды кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     Көрмеге кітапхана қорынан қазақ, орыс және шет ел тілдеріндегі 2000 басылым қойылған. Көрме Қазақстан дамуының негізгі кезеңдерін баяндайтын 6  негізгі бөлімді қамтиды.

    «Менің Қазақстаным» атты бірінші бөлім мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы, мемлекеттің заманауи дамуы туралы альбомдарды қамтиды. «Астана – EXPO 2017» тармағы ЕХРО 2017 Қазақстанда – «Болашақтын энергиясы» тақырыбындағы адамзат-тың жаңа техникалық және технологиялық жетістігін көрсету үшін ашық алаң болып табылатын әлемдік көрменің тарихына, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы халықаралық, дипломатиялық және интеграциялық үдерістеріне арналған.

    «2013 – Қазақстандағы Франция жылы» атты екінші бөлімде Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени байланыстар және екі елдің бірлескен жобалары туралы басылымдар қамтылып,  өзара ынтымақтастықтың 20-жылдығына арналған. Бұл бөлімнен француз тіліндегі қазақстаның, қазақ тіліндегі француз жазушыларының шығармаларымен танысуға болады.

    «Жаңа  Жібек жолы» атты үшінші бөлімде «Ұлы жібек жолының» тарихы, жаңғыртылуы және оны ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсыныстарына сәйкес заманауи өрлету туралы басылымдар, Орталық-Азиялық аймақтағы халықаралық көлік коридорын дамыту үшін еліміздің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану жөніндегі материалдар ұсынылған.

    «Мәдениет және спорт» бөлімінде салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстанда  мәдениет пен өнерді дамыту, сонымен бірге олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары, еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері туралы басылымдар орын алған.

    «2013 – экологиялық мәдениетті дамыту жылы»   атты бесінші бөлім  2013 жылы ТМД қатысушы-мемлекеттер Достастығының Мемлекетаралық гуманитарлық қорымен  жарияланған экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған.  Бөлімде экология және Қазақстанның табиғи ресурстары, экологиялық негізгі мәселелер және ТМД елдерінде экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі материалдар қамтылған.

   «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» бөлімінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және «Қазақстан–2050» Стратегиясына арналып, Қазақстанның әлемдегі алдыңғы қатарлы озық елдердің отыздығына енуі бойынша ұлттың саяси және экономикалық дамуының негізгі бағыттары ашып көрсетілген.

    Көрмеде Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне, Қазақстандағы этникааралық және конфессияаралық келісім тәжірибесінің жетістіктері және оны нығайту жөніндегі материалдарға ерекше назар аударылған.

 

  

    Көрмеге  шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование