KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15064822
2019 жылы:  130357
бүгiн:  1
қазiр:  106
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.02.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі аясында Қазақстан халқы Ассамбляесының құрылғанына 18 жыл толуына орай, «Достықтың алтын көпірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

   Қазақстан халқы Ассамблеясы – 1995 жылғы 1 наурызда  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған консультативті-кеңесші орган. 2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға қол қойылды. 

   Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметтеріне: мәдени-ағартушылық – ұлттық мәдениетті, тілді, дәстүрді жаңғырту және насихаттау; тәрбиелік – қазақстандық және ұлттық патриотизмді қалыптастыру; коммуникативтік – этносаралық қарым-қатынас мониторингі негізінде ұлтаралық ынтымақты нығайту; консультативті-кеңестік – Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына ықпал ететін мемлекеттік саясатты жүргізуге қатысты ұсыныстарды жүзеге асыру жатады. 

   Қазіргі кезде Қазақстан этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрлерін дамытуға барлық жағдай жасалған. Жыл сайын этностардың тілдерінде жаңа басылымдар жарық көреді, сонымен қатар, Наурыз, 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі  және т.б.  көпшілік халық мейрамдарын атап өту дәстүрге айналып келеді. 

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қорларынан еліміздегі жеке ұлттардың тарихын бейнелейтін материалдар ұсынылған. Әдеби құндылықтар арқылы оқырмандар түрлі мәдени-тарихи естеліктерге, ұлттық рухқа және Қазақстан халықтарының ажырамас бірлігі туралы материалдармен таныса алады.  

  

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование