KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887732
2019 жылы:  21447
бүгiн:  1
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.02.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде ұстаз-ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Естеу Нүсіпбековтің   80 жылдығына орай «Антына адал өлеңім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Естеу Нүсіпбеков (1933-2006 жж.) 1933 жылы Іле аймағы, Текес ауданында туған (ҚХР). 1948 жылы Құлжадағы Ұлттар гимназиясын, 1951 жылы Білім жұрты мектебін бітірген.

   1951-1961ж. – Үрімжіде мұғалім, Шыңжаң халық баспасында, Шыңжан Жазушылар одағының «Шұғыла» журналында жауапты қызметтер атқарған.

   1961 жылы Е.Нүсіпбеков туған өлкеге қоныс аударып, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түседі.

   1966 жылы университетті бітіріп, Райымбек ауданындағы мектепте мұғалім, кейіннен аудандық «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі, 1975-1995 ж. – Есік қаласындағы мектепте мұғалім, директор қызметтерін атқарады.

   Ақынның алғашқы шығармалары мен өлеңдері 1957-1959 жылдары Шыңжан мерзімді басылымдары:  «Шыңжан газеті», «Іле газеті», «Шұғыла» беттеріне шығады. Өлең-жинақтары: «Жеңіс жылдары», «Тарту», «Халық», «Арман» және 6-7 сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқулық» кітабы жарық көрген.  Алматы қаласында «Кешіккен сый» (2001) өлең-дастандары, «Өнер-өмір» (2005) ұжымдық жинақ топтамасы және т.б. шықты.

   Бұл шығармалар Отанына деген сағынышты әсерге толы, патриоттық сезімге бай, поэтикалық сөздердің айқындығымен ерекшеленеді. Ақынның өлеңдерінің негізгі сарыны – туған өлкеге, табиғаттың әдемілігіне, сондай-ақ халық мәдениеті мен уақыт өткелдеріне деген ыждағатты көзқарасты іздеу жолы болып табылады.

   «Ақ бұлағы жанымның» атты өлеңдер жинағында автор өз қатарларының, елдің өмірі, жақын туыс адамдары, олардың көзқарастары, адамгершілік пен мейірімділік, сонымен қатар, бүгінгі Қазақстанның тыныс-тіршілігін жырлайды.

   Е.Нүсіпбеков 2001 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,  2004 жылдан «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы», 2006 жылы Алматы облыстық ақын-жазушылар стипендиясының жүлдегері болды.

   Кітап көрмесінде Е.Нүсіпбековтің өмірі мен қызметі жайлы мәліметтер және оның шығармалары: «Кешіккен сый» (2001), «Ақ бұлағы жанымның» (2005), Көп томдық шығармалар жинағы. І, ІІ т. (2008),  сондай-ақ, әр жылдары мерзімді басылымдарда жарық көрген ақынның көптеген өлеңдері ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование