KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887663
2019 жылы:  21378
бүгiн:  1
қазiр:  17
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.02.2013

     2013 жылы 27 ақпанда сағ. 14.00-де Көрме залында «Хореографы Казахстана»  кітабының тұсаукесері өтті.

    Қазақстан Хореографтар одағы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және  ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен «Хореографы Казахстана»   (безендірілген ақпараттық анықтамалық) кітабын шығармашылық қауым назарына  ұсынды.

     Энциклопедиялық анықтама түрінде жазылған бұл кітапта 1934 жылдан бергі  ұлттық балет өнерінің даму тарихы алғаш рет баяндалған. Оқырман бұл кітаптан барлық балет қойылымдарының нақты даталарын, сонымен қатар, бұрынғы және қазіргі заманғы балет өнерінің жетекші қызметкерлерінің кысқаша шығармашылық өмірбаянымен таныса алады. Кітапқа Абай атындағы Мемлекеттік академиялық балет және опера театры, К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры, Б.Ғ.Аюханов жетекшілігіндегі Ұлттық классикалық би театры,  сонымен қатар, халық би ансамблі және Қазақстанның заманауи хореография топтары сынды негізгі балет труппаларының  құрылу тарихы енгізілген. Би өнерінің барлық жанры және бағыттары, сонымен қатар, балетмейстер өнерінің және отандық хореографияның қалыптасуының негізін салуға атсалысқан нақты тұлғалардың  қосқан үлестері суреттелген. Аталған басылымнан балет сүйер қауымға және өнертанушыларға отандық хореографияның даму кезеңдері жайында алғаш рет толық  ақпарат  алу мүмкіндігін берер деген ойдамыз.

    Тұсаукесерді - белгілі ақын, хореограф-либреттист, сценарист Дүйсенбек Нақыпов жүргізді.

    Тұсаукесерде Қазақстандағы балет өнерінің көрнекті өкілдері Людмила Николаева, Адольф Арцишевский, Әсел Мусина, Наталья Гудочкина, Әлия Шәңкібаева және т.б. қатысып, өз ойларымен бөлісті.

   Қатысушылар: Қазақстанның танымал хореографтары, қоғам қайраткерлері, өнертанушылар, балет өнеріне табынушылар, сонымен қатар, ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары және БАҚ өкілдері.

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование