KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887721
2019 жылы:  21436
бүгiн:  1
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.03.2013

   2013 жылы 1 наурызда сағ.15.00-де Үлкен залда белгілі суретші, Қазақстанның халық суретшісі, ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әубәкір Ысмайыловтың 100 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы.

    Әубәкір Ысмайылов (1913-1999) – Қазақстанның халық суретшісі, КСРО-ның халық әртісі. Қарағанды облысының Тельман ауданы № 6 ауылында дүниеге келген. Омбы көркемөнеркәсіптік техникумын (1928), Мәскеу жоғары көркемдік институтының графика факультетін (1932, ұстазы Т.К.Савицкий), Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетін (1938) бітірді. 1925-1928 жылдары «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті мен Петропавл қаласындағы өлкетану мұражайында суретші, 1933-1935 жылдары Қазақстан Суретшілер одағы ұйымдастыру комитетінің төрағасы, 1938-1944 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында  суретші, әрі режиссер, 1939 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы жанындағы ұйымдасқан алғашқы халық-би ансамблінің көркемдік жағын басқарды. 1961 жылы балетмейстер Д.Әбіровпен бірге «Қазақтың халық билері» кітабын жазды.

    Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан Әубәкір Ысмайыловтың өмірі мен қызметіне арналған «Қазақ өнерінің бірегей тұлғасы»  атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кеште Ә.Ысмайыловтың қыздары Ләйла Әубәкірқызы, Гүлбарам Әубәкірқызы, филология ғылымының докторы Көбей Шахметұлы Хұсайын, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының шет тілдер кафедрасының доценті Шолпан Жүсіпқызы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері өнерлерін көрсетті.

      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование