KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887688
2019 жылы:  21403
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.03.2013

   «Әлем әдебиеті» бөлімінде көрнекті неміс философы Артур Шопенгауэрдің 225 жылдық мерейтойына арналған «Артур Шопенгауэрдің философиясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Артур Шопенгауэр (1788-1860) – философ, иррационализмның белгілі ойшылда­рының  бірі, идеалистік бағыттың өкілі. А.Шопенгауэр бай саудагер отбасында дуниеге келген. Гамбург  мек­тебін  бітіргеннен кейін, 1807 ж. Геттинген универ-ситетінің медицина факультетіне түседі, кейін философия факультетіне ауысады. Шопенгауэр медицина, астрономия, физика, химия, философия салаларынан жан-жақты білімді болған. Неміс, ағылшын, латын, француз, италян, испан және латын тілдерін жетік меңгерген.

    Ол неміс романтизміне  еліктеді, мистикамен шұғылданып, И.Канттың философиясымен танысты.

    Шопенгауэр үздік жазушы, стилист. Ол көптеген философиялық ойларды  ашық және сол қалпында  жеткізе алатын қабілетті болған. Оның  көзқарасы iрi ойшылдардың ғана емес, сонымен қатар, бірнеше философиялық ойлардың дамуына үлкен әсерін тигізді. Ұлы композитор Р.Вагнердің эстетикалық көзқарасының қалыптасуына Шопенгауэрдің ықпалы болған.

   Шопенгауэр философиясының негізгі арқауы, жан-жақты бастама принципі – ерік. Ол үшін ерік – абсолютті бастама, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың түп-тамыры, қайнар көзі, түп негізі. Ол шынайы философия материалистерінің іліміндегі объектіден немесе идеалистердің іліміндегі субъектіден басталмайды, сананың алғашқы сатысы түсініктен басталуға тиіс дейді. Шопенгауэр философиясы өз заманында ескерілмей, тек ХХ ғасырдың ортасына қарай таралып, иррационализмнің дамуына әсер етті.

    Шопенгауэр волюнтаризмнің  жақтасы болды. Ол адам мен қоғам өмірінің көзге көріне бермейтін қараңғы жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі – қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатігездік пен бақытсыздыққа толы   екенін  көрсетті.

   Негізгі еңбектері: «Мир как воля и представле­ние» (1819); «О воле в природе» (1836); «Две основные проблемы этики» (1841); «Parerga und Paralipomena»,  «Афоризмы и максимы житейской мудрости» (1851).

   Шопенгауэр атақ-даңққа өмiрiнің соңына қарай  ие болды. Ол 1860 ж. 21 қыркүйекте Франкфурт-на-Майне қаласында қайтыс болады.

    Кітап көрмесінде  Ұлттық  кітапхана қорынан  Артур Шопенгауэр­дің ғылыми еңбектері,  өмірі мен қызметі және ол туралы әдебиет­тер, мерзімді басылымдарда жарияланған материалдар    ұсынылған.

  

    Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование