KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887727
2019 жылы:  21442
бүгiн:  1
қазiр:  57
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.03.2013

   2013 жылы 4 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының көрмелер залында Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел-әлем, әйел-өмір, әйел-жыр» атты көркем безендірілген кітап көрмесі ашылды.

   Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. «Әйел - ұлттың діңгегі» атты бөлімде Қазақстан Республикасының «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің кепілдіктері туралы» заңы, Қазақстанның гендерлік саясатының материалдары мен құжаттары оның ішінде «Гендерные исследования в Казахстане», «Гендерные исследования, гендерная политика и женское движение в странах Центральной Азии: попытка диагноза», «Гендерные аспекты развития предпринимательства в Казахстане», «Деловые женщины Казахстана» және т.б. ұсынылды.

   Келесі бөлім «Ана ғұмыр» тақырыбымен ашылады. Бұл бөлімге Қазақстан ақын-жазушыларының, көрнекті қайраткерлердің ардақты аналарға арналған еңбектері қойылды. Олардың арасында белгілі жазушы әрі драматург Тахауи Ахтановтың таңдаулы драмалық туындылары, қазақ халқының қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлының «Музей апа» атты әңгімелер жинағы, халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың еңбектері және т.б.  көптеген  материалдар бар.

   Үшінші бөлім «Қазақстан өнерінің жұлдыздары» деп аталады. Бұл бөлімге Кеңестер Одағының халық әртісі, қазақ халқының бұлбұлы Күләш Байсейітова, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Роза Бағланова, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Қазақстаның халық әртістері Шара Жиенқұлова, Әмина Өмірзақова, тағы басқалары туралы кітаптар мен құжаттар қойылды.

Кітап көрмесіне шақырамыз!!!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование