KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887744
2019 жылы:  21459
бүгiн:  1
қазiр:  61
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.03.2013

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқырман залында орыс әдебиетінің жазушысы, прозаик, драматург Алексей Николаевич  Толстойдың  туғанына 130 жыл толуына орай «Жазушы және Отан» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды

    Алексей Николаевич Толстой (1883-1945) –1883 жылы 10 қаңтарда Самар губерниясының Николаевск қаласында графтың отбасында дүниеге келді. 1897 жылы отбасымен бірге Самара қаласына көшіп, училищеге оқуға түседі. 1901 жылы оны бітіріп, оқуын жалғастыруға Петербург қаласына барып, Технология институтының механика бөліміне түседі. Некрасов пен Надсон шығармаларына еліктеп, алғашқы өлеңдерін жаза бастайды.  1907 жылы институтты бітіруге аз қалғанда, оны біржола тастап әдебиетке бет бұрады. 1908 жылы «За синими реками» атты бірінші өлеңін жазады, бұл орыс халқының фольклорымен алғашқы танысуының нәтижесі. Алғашқы өлеңдеріне «Сорочьи сказки» атты прозалық шығармаларын жатқызуға болады. Жас А.Толстойдың  шығармашылығына М.Горький, А.Некрасов, әсіресе досы Волошиннің еңбектері әсер етті. 1909 жылы  «Неделя в Туреневе» атты алғаш­қы повесі «Заволжье» жинағына енгізілді, одан кейін "Чудаки" и "Хромой барин" атты екі романы жарық көрді. Оның шығармашылығына М.Горький назар аударып, орыс әдебиетінде ірі жазушы пайда болғанын байқады. Сыншылар  жазушының алғашқы әдеби еңбектеріне жоғары баға берді.

   А.Толстой «Русские ведомости» газетінің әскери тілшісі ретінде Бірінші дүниежүзілік соғыс майданына қатысып, соғыс туралы очеркілер мен әңгімелер жазды: "На горе", "Под водой"(1915), "Прекрасная дама",  "Нечис­тая сила" и "Касатка" коме­диялары (1916). Февраль революциясы жас қаламгерді орыс мемлекеттігінің мәселелеріне назар аудартты. Мұрағаттарда көп мәліметтерді зерттеп, құжаттармен танысып, сол кездегі I Петр туралы ақпараттарды жинақтай бастады. Оның шығармашылығында тарихи тақырып пайда болып, "Наваждение", "День Петра" атты повестері жазылды. 1918 жылы отбасымен Одесса қаласына, содан кейін Парижге барып, эмигрант аталады. 1920 жылы "Детство Никиты" повесін жазады. 1921 жылы Берлин қаласында"Аэлита", "Черная пятница", "Рукопись, найденная под крова­тью"повестері дүниеге келеді. 1923 жылы КСРО - ға қайта оралады. Сол жылдары А.Толстойдың "Хождение по мукам" ("Сестры", "Восемнадцатый год",  "Хмурое ут­ро") трилогиялар, "Хлеб" (1937 ж.) повесі, "Гиперболоид инженера Гари­на" (1925-1927 ж.) атты ғылыми-фантастикалық романы  жарық көрді.

   А.Толстойдың балалар әдебиетінде де үлесі зор. Ол 1910 жылы "Сорочьи сказки" кітабын жазып, "Золотой ключик, или Приключения Буратино" атты әңгімені орыс тіліне аударып, толықтырып балаларға ұсынды.

   А.Толстойдың ең үздік шығармаларының бірі ретінде "I Петр" тарихи романын атауға болады. Бұл романын ол он алты жыл бойы жазып бітіре алмады. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1943 жж.) "Иван Грозный" атты драмалық дилогия жарық көрді. А.Толстой 1945 жылы 23 ақпанда Мәскеу қаласында қайтыс болды.

   ҚР Ұлттық кітапхана қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесіне А.Толстойдың әр жылдары жарық көрген әңгімелері, пьесалары, романдары мен  балаларға арналған шығармалары және жазушы  туралы  басылымдары ұсынылған.

     

    Кітап көрмесін көруге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование