KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887683
2019 жылы:  21398
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.03.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқырман залында белгілі қазақ ақыны, жазушы және аудармашы Құланбай Көпішевтің 100 жылдығына орай «Сымбаты бөлек сырлы ақын»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көпішев Құланбай (1913-2002) жылы Қызылорда облысы Қармақшы  ауданында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1958). 1935-1941 жылдары Семей облысы, Ақсуат ауданының комсомол  комитетінің хатшысы, Кызылорда облысы Сырдария ауданында мұғалім және мектеп директоры қызметін атқарған.

   Қ.Көпішев Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі уақытта «Үгітші блокноты» журналының жауапты хатшысы, Қазақ радио комитетінің бас редакторы, «Жазушы» баспасында  аға редактор қызметтерін атқарды. Ұлы Отан соғысының ауыр күндерін басынан кешкен жауынгер ақын совет солдаттарының ерліктері жайлы көптеген өлеңдер, балладалар, поэмалар жазып шығарған. Ақынның сүйіп жырлайтын негізгі тақырыбы – әскери-патриоттық тақырып.

   Соғыстан кейін ақынның «Сыр толқыды» (1957), «Мәуе» (1962), «Жылдар жырлайды» (1964), «Ер жүрек» (1967), «Әке құшағы» (1968) және балаларға арналған «Кішкентай Дәурен» (1955), «Ағатай» (1966) атты жинақтары жарық көрді. Ақын аударма жанрында да жемісті еңбек етті. А.Мицкевичтің, Н.Бараташвилидің, Т.Шевченконың, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, М.Жәлилдің, Д.Н.Мамин-Сибиряктың, В.Мелентьевтің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қырғыз халқының «Манас» эпосын қазақ тіліне аударған авторлық ұжым мүшесі.

   «Қара бұлтты қақ жарған» (1994) кітабында 1941 жылы Ақтөбе қаласында қазақ жастарынан құрылған Қазақтың 101-ші дербес ұлттық атқыштар бригадасының жорықтарына қатысқан, Москва түбінен бастап Белоруссия жеріне дейінгі ерлігін баяндап еді.

   Құланбай Көпішев КСРО-ның «I дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және «Кенигсбергті алғаны үшін» медалімен, екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

   Кітап көрмесінде Қ.Көпішевтің өмірі, еңбек жолы туралы материалдар және оның еңбектері: «Сыр толқыды» (1957), «Жылдар жырлайды» (1964), «Ер жүрек» (1967), «Тәйімбет Көмекбаев» (1967), «Кезеңдер»(1971), «Ақмаралды асулар» (1972), «Жұлдыздар сөйлейді» (1975), «Қасиет» (1977), «Шұғыла» (1979), «Қаһармандар» (1981), «Қиядан қияға» (1982), «Өрлеу» (1988), «Қара бұлтты қақ жарған» (1994) т.б.  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование