KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887767
2019 жылы:  21482
бүгiн:  1
қазiр:  59
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.03.2013

   2013 жылы 15 наурызда сағ.11.00-де «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқырман залында белгілі қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым-этнограф Тынышбек Дайрабайдың  жас оқырмандармен шығармашылық кездесуі өтті.

    Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы мен «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және ғалымның 70-жылдық мерейтойына орай өткізілді.

   Іс-шараның мақсаты - Қазақстан жастарын патриоттық сезімге тәрбиелеу, кітапқа деген құштарлығын  жаңғырту, білім деңгейін жоғарлату және жас оқырмандарды қазақ жазушылары мен ғалымдарының шығармашылығымен таныстыру. Аталмыш іс-шара келешекте өткізілетін осындай шығармашылық кездесулерге жол ашты.

   Кешті құттықтау сөзбен ҚР Ұлттық кітапханасы Бас директорының орынбасары А.Х.Юсупова, «Қазақстан кітаптары» бөлімінің меңгерушісі М.Б.Жаркналова ашты және  «Алтын қазынаны жинақтаушы қаламгер» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

   Кештің қонағы Т.Дайрабай өзінің шығармашылығы, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін, Қызылорда өнірінен шыққан атақты би, батыр, ақын-жыраулардың шығармаларын зерттегені туралы әңгімеледі. Ғалымның мақалалары мұрағаттық құжаттар мен  қолжазбаларға негізделген. Жоғарғы оқу орындарының студенттері ғалымға арнаған өлеңдерін оқыды.

   Кешке Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студентері, ҚР Ұлттық кітапханасының жас кітапханашылары мен оқырмандары қатысты.

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование